О распределении оставшейся в распоряжении районного государственного коммунального предприятия части чистого дохода Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 56-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жыл сайын «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміның «Дидар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту кезінде аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қарамағында қалған таза табыстың бір бөлігі бөлінсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауға және Эталондық бақылау банкіне енгізуге мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде көшірмесін жолдануын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.