Об утверждении в новой редакции Положения государственного учреждения «Каракиянский районный отдел экономики и финансов» Қолданыста
Басқа 0
«Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қарақия ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы №156 «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Қарақия ауданы әкімдігінің
2026 жылғы « » _______
№ қаулысымен бекітілген
«Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағында экономикалық саясатты, аудандық бюджетті жоспарлау және атқару, мемлекеттік аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру аясында мемлекттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Маңғыстау облыстық Департаментінің Қарақия аудандық қазынашылық басқармасында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, аудан әкімдігінің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімдігімен бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130300 Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, №8 ғимарат.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілде: государственное учреждение «Каракиянский районный отдел экономики и финансов».
Тармақ 11
11. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы - Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 12
12. Осы Ереже «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 13
13. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаттары мен өкілеттіктері
2. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің миссиясы:
аудан аумағында экономикалық саясат, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылуы және аудандық коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен саясаттың басымдығын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 3
3) аудан бюджетін атқару барысын үйлестіруді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) аудандық коммуналдық мүлікті басқару.
Тармақ 17
17. Функциялары:
Тармақша 1
1) бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттерді облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді;
Тармақша 3
3) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжайды;
Тармақша 4
4) есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
Тармақша 5
5) аудан бюджетінің жобасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
Тармақша 6
6) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 7
7) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізеді;
Тармақша 9
9) артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет ақшасын басқарады;
Тармақша 11
11) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен көзделген басқа да есептерді береді;
Тармақша 13
13) есепті қаржы жылына аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады;
Тармақша 14
14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
Тармақша 15
15) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингті және бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 18
18) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау 52 баптың 2 тармаққа сәйкес әзірленетін әдістеме негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақша 19
19) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік бағдарлама-ларына арналған бюджет шығыстары лимиттерін қалыптастырады, атқарушы органдардың функциялары мен штаттық кестелерін талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды және келіседі;
Тармақша 21
21) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 23
23) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
Тармақша 24
24) аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;
Тармақша 25
25) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 26
26) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
Тармақша 27
27) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
Тармақша 28
28) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-шы бабымен қаралған жағдайлар мен тәртіпте мүліктерді беру бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 31
31) аудан әкімінің қолдаухаты негізінде республикалық, облыстық коммуналдық меншіктен қабылданған мүлікті беру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 32
32) мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын, әкімшілік рәсімдерін сақтайды;
Тармақша 33
33) «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдайды;
Тармақша 34
34) жергілікті өзін-өзі басқарудың төртінші деңгейлі бюджеті бойынша тиісті жұмыстарды жүргізеді;
Тармақша 35
35) «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
36) «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары аясында құжаттамаларды жинақтайды, қорғайды және бағдарламалар бағыты бойынша жұмыстарын жүргізеді;
Тармақ 18
18. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) міндеттелген функцияларды атқару үшін мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұрайды және алады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтаруды және қаржыландыруды тоқтатуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден, сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бюджеттің атқарылу туралы есептерді алады;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалармен келісім-шартқа тұрады, өзара міндеттемелерінің сипаты мен шарттарын анықтайды;
Тармақша 5
5) «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзырына жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, аудан әкімдігінің қаулыларының, сонымен қатар, аудандық мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 19
19. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 20
20. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарақия ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 21
21. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 22
22. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) барлық органдарда мемлекеттік органның мүддесін қорғайды;
Тармақша 3
3) сектор меңгерушісінің және басқа да қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органның мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) банкте есеп шоттар ашады;
Тармақша 6
6) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
Тармақша 7
7) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
Тармақша 8
8) қызметшілерді іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 9
9) қызметкерлерді марапаттайды және тәртіптік шаралар қолданады;
Тармақша 10
10) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Тармақша 12
12) сыбайлас құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты;
Тармақша 13
13) заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақша 14
14) «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 23
23. Бірінші басшы сектор меңгерушісінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 24
24. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
«Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі
5. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі
Тармақ 27
27. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Тарау 6. 6. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
6. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Тармақ 28
28. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
Тарау 7. 7. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
7. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 30
30. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.