Об утверждении Правил реализации порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Областной методический центр психологической поддержки» управлении образования акимата Западно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 каңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Басқа 5
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___» _____________
№ ___ қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағы, 3) тармақшасының негізінде әзірленді. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ, өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік басқару органы – жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
Тармақ 4
4. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
2-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
Тармақ 5
5. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстемеақылар және т.б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Жергілікті бюджет бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
3-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемелерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Батыс Қазақстан облысының мәслихатына жібереді.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 15
15. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы тәртіптік жазаның қолданылу кезеңінде өз қызметкерлеріне еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда ынталандырушы үстемеақы төлеуді тоқтату туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 16
16. Ынталандырушы үстемақылар Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог қызметкерлеріне төленеді: облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының директоры, директордың психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, психологиялық бөлім басшысы, әдіскер-психолог, педагог-психолог (жеке кеңес), педагог-психолог (сенім телефоны), әлеуметтік педагог, әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы, әдіскер, қалалық және аудандық әдіскер-координаторлар.
Тармақ 17
17. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде төленбейді.