О создании коммунального государственного учреждения «Центр поддержки семьи Актогайского района» государственного учреждения «Отдела занятости и социальных программ Актогайского района» Қолданыста
Басқа 0
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 31-бабының 1-тармағының 39) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республиксы Заңының 18-бабына, «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына сәйкес, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Басқа 5. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 23 қаңтардағы
№ 06/01 қаулысымен бекітілген
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) Ақтоғай ауданының аумағында функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Орталық 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 06/01 Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.
Тармақ 3
3. Орталықтың құрылтайшысы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты Орталықтың мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 5
5. Орталықтың атауы: «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Орталықтың тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 1 А үй.
Тарау 2. 2-тарау. Орталықтың заңдық мәртебесі
2-тарау. Орталықтың заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 8
8. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 9
9. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Орталықта ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3-тарау. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
3-тарау. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 11
11. Орталық қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру.
Тармақ 12
12. Орталық қызметінің мақсаты барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.
Тармақ 13
13. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
Тармақша 2
2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 3
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
Тармақша 5
5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
Тармақша 6
6) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
Тармақша 8
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.
Тармақ 14
14. Орталыққа осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, құрылтайшының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4-тарау. Орталықты басқару
4-тарау. Орталықты басқару
Тармақ 16
16. Орталықты жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) құрылтайшыға Орталыққа мүлікті бекіту бойынша ұсыныстарды береді;
Тармақша 2
2) Орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) Орталықтың мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) құрылтайшыға Орталықтың жарғысын бекітуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар береді;
Тармақша 5
5) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 6
6) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) Орталықтың құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 8
8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Орталыққа берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
Тармақша 10
10) құрылтайшыға Орталықты қайта құруға немесе таратуға ұсыныс береді;
Тармақша 11
11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Орталық басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Орталықтың басшысы Орталық жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Орталыққа жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 20
20. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталық қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 21
21. Орталық басшысының Орталықпен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 22
22. Орталықтың қызметті жүзеге асыруы барысында Орталық басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Орталықтың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) Орталықтың іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) Орталық қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) Орталықтың қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және уәкілетті органы немесе құрылтайшы жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
5-тарау. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 23
23. Орталық мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздере есебінен құрылады.
Тармақ 24
24. Орталық дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Орталықтың қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Тармақ 27
27. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 28
28. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. Орталықтағы жұмыс тәртібі
6-тарау. Орталықтағы жұмыс тәртібі
Тармақ 29
29. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 30
30. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
Тарау 8. 8-тарау. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8-тарау. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 31
31. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік занды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 33
33. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды құрылтайшымен жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Орталықтың мүлкін құрылтайшы қайта бөледі.
Тармақ 35
35. Таратылған Орталықтың мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Тарау 9. 9-тарау. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
9-тарау. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
Тармақ 36
36. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.