Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 – бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Актас Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Шу ауданы аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен «Солтүстік Мирный» ҚС-нан «Шу» ҚС-на дейін 1ГВт қуат беретін 500кВ әуе желісінің құрылысын жүргізу үшін жалпы алаңы 1146,1916 гектар жер учаскесінде 25 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Актас Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінеәуе желісінің құрылысын жүргізуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және әуе желісінің құрылысын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.