О признании утратившим силу некоторых решений Баянаульского районного маслихата Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшаға сәйкес Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Баянауыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Баянауыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 415/43 шешіміне қосымша Баянауыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы «Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 152/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5937 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі «Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы «Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 152/25 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 32/3 шешімі;
Тармақ 3
3. Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 113/13 шешімі.