О реализации пилотного проекта по оказанию государственной услуги «Разрешение на специальное водопользование» посредством Национальной информационной системы водных ресурсов Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі арқылы «Арнайы су пайдалануға рұқсаттама» мемлекеттік қызметін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі арқылы «Арнайы су пайдалануға рұқсаттама» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған пилоттық жобаны іске асыру алгоритмін бекітілсін.
Тармақ 3
3. Көрсетілген алгоритм Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері арасындағы техникалық және ұйымдастырушылық интеграцияның негізі болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Цифрландыру департаментіне (бұдан әрі – Департамент), «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «СР АТО» КеАҚ) қамтамасыз етуді:
Тармақша 1
1) жеке деректерді өңдеу кезінде «Smart Bridge» арқылы өтінім беру жолымен дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) қосылуды;
Тармақша 2
2) пилоттық жоба аясында «Арнайы су пайдалануға рұқсаттама» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес ДҚБ сервисі арқылы алуды;
Тармақша 3
3) барлық қажетті тарихи деректерді тіркеуді және сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімін тарихи деректермен толықтыруды.
Тармақ 5
5. «СР АТО» КеАҚ, Департаментке пилоттық жобаның аяқталу кезеңінен кейін және өндірістік пайдалануға енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының «Информатизация туралы» Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4-тармағына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) сәйкес:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру сынақтарының оң нәтижелері көрсетілген хаттамалардың болуын;
Тармақша 2
2) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (бұдан әрі – Орталық) болуы және оның жұмыс істеуі не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметін көрсетуге шарт жасасу, сондай-ақ Орталықтың Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын;
Тармақша 3
3) деректерді қорғау стандарттарын, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін және сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетіне осы бұйрықтың және Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресуртары министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №216 «Су қорын пайдалану саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы бекіту туралы» бұйрығының шеңберінде «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көр қамтамасыз етсін нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21194 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. Департамент:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы осы бірлескен бұйрыққа қол қойған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына» ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) пилоттық жоба кезеңі аяқталған соң осы бірлескен бұйрықтың 5-тармағында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуы жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация жөніндегі, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Басқа 1. «Арнайы су пайдалануға рұқсаттама» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2025 жылғы 22 қазандағы № 524/НҚ мен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 22 қазандағы № 274-НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген «Арнайы су пайдалануға рұқсаттама» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) мемлекеттік қызметті ақпараттандыру объектілері арқылы көрсету тәртібін айқындайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің су бассейндері инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырудың негізгі міндеті көрсетілетін қызметті алушылардың арнайы су пайдалануға рұқсат алу рәсімін электрондық өтініш беру арқылы автоматтандыруды және оңайлатуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы пилоттық жобаны іске асыру алгоритмінде (бұдан әрі – Алгоритм) мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ӘІБТ) – әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылатын ақпараттық жүйе, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) БСАЖ – Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылысжайлар – су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);
Тармақша 4
4) ДҚБ – «Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 5
5) е-license – «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесі;
Тармақша 6
6) eGov mobile – «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 7
7) ЖМБМК – Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры;
Тармақша 8
8) жерасты сулары – жерасты су объектілерін су ресурстары.
Тармақша 9
9) жерүсті ағынын реттеу – су объектілерін қорғауды және судың зиянды әсерін болғызбауды ескере отырып, әртүрлі су пайдаланушылардың суға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жылдың сулы болуына қарай тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен өзен ағынын бөлу (қайта бөлу);
Тармақша 10
10) ЖТ МДҚ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;
Тармақша 11
11) ЗТ МДҚ – «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;
Тармақша 12
12) ЗТ – заңды тұлғалар.
Тармақша 13
13) Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметінің» мобильді деректер базасы;
Тармақша 14
14) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Тармақша 15
15) өтініш – арнайы су пайдалануға рұқсаттама алу үшін қажетті ақпаратты қамтитын, көрсетілетін қызметті алушы қалыптастырған электрондық құжат;
Тармақша 16
16) су режимі – жерүсті және жерасты сулары деңгейлерінің, шығыстарының және көлемінің уақыт бойынша табиғи немесе жасанды өзгеруі;
Тармақша 17
17) Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СР ҰАЖ) – мемлекеттік қызметке өтінім беру, оны өңдеу және мемлекеттік қызмет нәтижелерін ұсыну процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
Тармақша 18
18) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормасы – өндірілетін өнім бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бұрылатын сарқынды судың белгіленген мөлшері;
Тармақша 19
19) ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 20
20) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі, оператордың иелігіне берілген және ақпараттандыру объектілеріндегі мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған;
Тармақша 21
21) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық құжаттың шынайылығын, тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарының көмегімен жасалады;
Тармақша 22
22) ЭҮШ – «электрондық үкімет» шлюзі;
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет СРҰАЖ арқылы электрондық өтінім беру жолымен көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы:
Тармақша 1
1) жеке тұлға;
Тармақша 2
2) заңды тұлға.
Тармақ 5
5. Су пайдаланушы ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы ақпараттандыру объектісінде онлайн-тіркеу рәсімінен өтеді.
Тармақ 6
6. Су пайдаланушы ретінде онлайн-тіркеу рәсімінен өткен кезде жеке тұлғалар мемлекеттік органдардың дерекқорларынан дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді. Дербес деректерді жинау және өңдеу мынадай деректер өрістері бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
Тармақша 2
2) тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 3
3) нақты мекенжайы;
Тармақша 4
4) байланыс деректері;
Тармақ 7
7. Су пайдаланушы ретінде онлайн-тіркеу рәсімінен өткен кезде заңды тұлғалар тіркеу нысанында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
Тармақша 2
2) бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның атауы;
Тармақша 4
4) заңды мекенжайы және нақты мекенжайы;
Тармақша 5
5) байланыс деректері.
Тармақ 8
8. СРҰАЖавтоматты режимде өтініштің дұрыс толтырылуын және толықтығын тексереді.
Тармақ 9
9. СРҰАЖ келесі жүйелерге сұраныс жасайды: ӘІБТ – қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы нұсқамалардың бар-жоғы жөніндегі мәліметтерді алу үшін; БСАЖ – жеке кәсіпкерлерді сәйкестендіру үшін; ДҚБ – мемлекеттік дерекқорларда дербес деректерді жинауға, өңдеуге және рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғауға дербес деректер субъектісінің келісімін алу үшін; e-license – су тұтыну және су бұрудың меншікті нормаларын келісу / санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды / экологиялық рұқсат немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның бар-жоғы жөніндегі мәліметтерді алу үшін. ЖМБМК – арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы құрылысжайларына және гидротехникалық құрылысжайларға және (немесе) техникалық құрылғыларға меншік немесе пайдалану құқығы туралы мәліметтерді алу үшін; ЖТ МДҚ – жеке тұлғаларды сәйкестендіру үшін; ЗТ МДҚ – заңды тұлғаларды сәйкестендіру үшін; МЖК ААЖ – су пайдаланушының жер учаскесінің кадастрлық нөмірін алу үшін;
Тармақ 10
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы су шаруашылығы құрылыс жайының паспортын және пайдалану қағидаларының электрондық көшірмесін, ал әлеуетті қауіпті гидротехникалық құрылысжайлар үшін – қосымша қауіпсіздік декларациясын ұсынылады;
Тармақша 1
1) жерүсті су объектілерінен су алу кезінде қосымша балық қорғау және (немесе) балық өткізетін құрылғының бар екендігі туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады;
Тармақша 2
2) жерасты суларын алу кезінде қосымша ұңғымалардағы су деңгейін өлшеуге арналған аспаптардың немесе манометрлердің (өздігінен ағатын ұңғымалар үшін) бар екендігі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады;
Тармақша 3
3) бақылау желісінің құрамы мен құрылымын, жерасты суларының шығыны, динамикалық және статикалық деңгейлері, химиялық құрамы бойынша бақылау жүргізудің мерзімділігі мен тәртібін қамтитын жерасты суларының мониторинг бағдарламасының бар екенін растайтын, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның жергілікті бөлімшелерімен келісілген құжаттың электрондық көшірмесі, сондай-ақ тәулігіне бір мың текше метрден астам көлемде жерасты суларын алу кезінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жерасты суларын алу жобасы ұсынылады;
Тармақша 4
4) жерүсті ағысын реттеу кезінде қосымша жерүсті ағысын реттеу кезінде гидротехникалық құрылысжайдың су режимінің бекітілген құжатының электрондық көшірмесі ұсынылады;
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 12
12. Ұзарту жағдайында – рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өтініш берілуі тиіс (шарттар өзгермеген жағдайда).
Тармақ 13
13. Көрсетілген қызмет алушы өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойғаннан кейін, НИСВР өтінімді XML форматында қалыптастырып, оны ЭҮШ арқылы e-License ақпараттық жүйесіне қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасы тарапынан әрі қарай өңдеу үшін жолдайды.
Тармақ 14
14. Қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасы өтінімді өңдеп, оны e-License ақпараттық жүйесінің АЖЖ-інде (ақпараттық жүйеде жұмыс істеуге арналған автоматтандырылған жұмыс орны) қол қояды.
Тармақ 15
15. Қарау нәтижелері бойынша e-License ақпараттық жүйесі қызмет көрсету нәтижесін XML форматында ЭҮШ арқылы СРҰАЖ-ға жолдайды, оған рұқсат туралы мәліметтер мен АҚЖД (рұқсатқа немесе лицензияға e-License жүйесінде берілетін бірегей сәйкестендіргіш) енгізіледі.
Тармақ 16
16. Көрсетілген қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тармақ 17
17. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесімен СРҰАЖ «Су пайдалану» модулінде таныса алады.
Тармақ 19
19. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
Тармақ 20
20. Ақпараттық алмасуға келесі қатысушылар жатады: СРҰАЖ, ЭҮШ, ДҚБ, ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, БСАЖ, ӘІБТ, e-license, ЖМБМК. СР ҰАЖ су пайдалануға қатысты деректердің операторы болып табылады, электрондық өтініштерді қалыптастырады, қабылдайды және өңдейді, рұқсаттар тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді, e-license жүйесінен алынған қызмет көрсету нәтижелерін ұсынады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен СРҰАЖ арасындағы ақпарат алмасуда делдал рөлін ЭҮШ атқарады.
Тармақ 21
21. СР ҰАЖ функциялары мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) су пайдалануға қатысты деректерді жинау, өңдеу және сақтау;
Тармақша 2
2) ақпараттың дұрыстығы мен тұтастығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қызмет көрсетудің мерзімдері мен мәртебесіне бақылау жүргізу;
Тармақша 4
4) арнайы су пайдалануға рұқсаттамаларды автоматтандырылған есепке алу және олардың орындалу мониторингін жүргізу;
Тармақша 5
5) су пайдаланушылардың, рұқсаттардың және дәлелденген бас тартулардың тізілімдерін жүргізу.
Басқа 1.1. Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш
«Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына 1-қосымша Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш Кімге:_____________________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен:____________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) Өтініш иесінің мекенжайы __________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон) Өтініш иесінің деректемелері_______________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, ___________________________________________________________________________________ заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Мыналарға (тиісті ұяшықты белгілеңіз): тікелей жерүсті су объектісінен су ресурстарын алу; жерасты суларын алу; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, сондай-ақ құрылыс қызметін жүргізу кезінде дренаждық суларды немесе ілеспе алынған жерасты суларын пайдалану; тазартылған сарқынды суларды жерүсті су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды суларды жинақтағыштарға және жергілікті жер бедеріне ағызу; жерүсті су ағынын реттеу.
Тармақ 1
1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) су пайдалануға жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны ________________________________________________;
Тармақша 2
2) олардың көмегiмен арнаулы су пайдалану жүзеге асырылатын жылжымайтын объектінің кадастрлық нөмірі, техникалық құрылғының түгендеу нөмірі немесе ұңғыманың нөмірі _______________________________________.
Тармақ 2
2. Координаталары көрсетілген жерүсті суларының, ағызылатын сарқынды сулардың, жерасты су көзін алу және (немесе) пайдалану орындары көрсетілген ахуалдық схема қоса тіркеледі және осы өтінішке 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады.
Тармақ 3
3. Су пайдалану мақсаты________________________________________.
Тармақ 4
4. Арнаулы су пайдалану кезінде пайдаланылатын су объектісі туралы ақпарат осы өтінішке 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады.
Тармақ 5
5. Осы өтінішке 3-қосымшаға сәйкес (гидроэнергетика және ағысты реттеу мақсатында су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда су пайдаланудың әр түріне жеке көрсетіледі) нысанда ұсынылады.
Тармақ 6
6. Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісудің болуы, ал орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау үшін су ресурстарын алатын тұлғалар үшін – су тұтыну мен су бұру көлемдерін негіздеу есеп-қисабының болуы _______________________________ (нөмірі, келісу күні және мерзімі).
Тармақ 7
7. Су пайдалануды бастаудың және аяқтаудың болжамды мерзімі: Су пайдаланудың басталған күні «___» _________ 20 ___ жыл Су пайдаланудың аяқталған күні «___» _________ 20 ___ жыл
Тармақ 8
8. Су пайдаланушының өндірістік қызметінің сипаттамасы (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелердің алаңдары) __________________________________________________________________.
Тармақ 9
9. Осы өтінішке 4-қосымшаға сәйкес нысанда су тұтынушылар тізбесі (арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған құжаттарға сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдер қоса беріледі) ұсынылады.
Тармақ 10
10. Арнаулы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер бұлар өтініш берушіде бар болса)____________________________________________________________.
Тармақ 11
11. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тұрған, алынған су ресурстары мен ағызылған тазартылған сарқынды сулардың көлемін өлшеу құралдарының сипаттамасы (түрі, маркасы, техникалық сипаттамалары, саны, тексеру мерзімі, зертханаларды аккредиттеу саласы) __________________________________________________________________.
Тармақ 12
12. Тазартылған сарқынды сулар мен өндірістік суларды жерүсті су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды суларды жинақтағыштарға және жергілікті жер бедеріне ағызу кезінде I және II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттың не III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсері туралы декларацияның болуы су объектілерінен су алу және (немесе) тазартылған сарқынды суларды ағызу кезінде рұқсат беру және кейіннен арнаулы су пайдалануды жүзеге асыру шарты_________________________________ (рұқсаттың нөмірі, қолданылу мерзімі).
Тармақ 13
13. Шаруашылық сумен және ауызсумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын алу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су тарту құрылысжайларының санитариялық қорғау аймақтарының болуы_________________________________________ (нөмірі, берілген күні).
Тармақ 14
14. Осы өтінішке 5-қосымшаға сәйкес тікелей жерүсті су объектісінен су ресурстарын алып қоймай пайдалануды жүзеге асыратын не қолда бар ең үздік технологияларды толық ендірген және судың өнімсіз ысырабын азайтқан су пайдаланушыларды қоспағанда, су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (кемінде бес жыл) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіленді. Мен, қол қоюшы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке деректерімді және су пайдалануға қатысты мәліметтерімді арнайы су пайдалануға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында пайдалануға және өңдеуге келісімімді беремін. Келісім мемлекеттік қызмет көрсетілгенге дейін жарамды. Өтініш иесі _________________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі 20 жылғы «___» _________ Өтініш қарауға 20 жылғы «___» _________ қабылданды. _______________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)