О признании утратившими силу некоторых решений государственного учреждения "Аппарат акима поселка Индербор" Қолданыста
Басқа 0
«Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІМ:
Тармақ 1
1. «Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 03 қыркүйектегі № 81 «Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» және 2025 жылғы 19 қарашадағы № 96 «Индербор кенті аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау кент әкімінің орынбасары К.Нуриевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.