Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов Қолданыста
Басқа 0
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
Тармақ 3
3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 68 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 8 мамырында № 5652 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Шыңғырлау аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________ Н.Е. Қалиев
«20» қаңтар 2026 жыл
Басқа 5. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 13 шілдедегі
№ 110 қаулысына қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1.
Алмаз
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі ғимаратының алды
2.
Сегізсай
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің «Сегізсай негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
3.
Ащысай
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимаратының алды
4.
Амангелді

5.
Ақбұлақ
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі ғимаратының алды
6.
Ақтау

7.
Ардақ

8.
Қарағаш
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің «Қуағаш негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
9.
Қайынды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің «Қайыңды бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
10.
Ақсуат
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің «Ақсуат негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
11.
Шоқтыбай
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимаратының алды
12.
Ұрысай

13.
Ақшат

14.
Шыңғырлау
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шыңғырлау» спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратының алды
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйінің ғимаратының алды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының «Шыңғырлау аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Шыңғырлау колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алды
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Дән» мәдениет үйінің ғимаратының алды