Об утверждении Положения ГУ «Аппарат Байганинского районного маслихата» Қолданыста
Басқа 0
«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 25-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығының 79-тармағына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Байғанин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 187 «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімі жойылсын.
Басқа 3. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
Байғанин аудандық мәслихатының
2026 жылғы 20 қаңтардағы
№ 362 шешіміне
бекітілген
«Байғанин аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Байғанин аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің Байғанин аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
Тармақ 5
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Байғанин аудандық мәслихаты төрағасының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030300 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Дінмұханбет Қонаев көшесі, 35А ғимараты.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде - «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение «Аппарат Байганинского районного маслихата».
Тармақ 11
11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Мәслихат аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мәслихат аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Мәслихат аппаратының миссиясы: Байғанин аудандық мәслихатының тиімді қызметін қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихаттың сессияларын және тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етуді аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелерге байланысты шешім жобаларымен және тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстарының негізінде аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарларының жобаларын және оның атқарған жұмыстары жөніндегі есептерін дайындайды;
Тармақша 4
4) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;
Тармақша 5
5) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында енгізген ұсыныстары мен ескертпелерін есепке алады, талдау жасайды және оларды жүзеге асыруға арналған ic-шаралардың орындалуын қадағалайды;
Тармақша 6
6) сессияларда қаралатын мәселелердің тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылануын ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер жобалары мен қорытындыларының сапалы дайындалуын қамтамасыз етуде көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда олардың әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен аудандық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) аудандық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға жолдануын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) аудандық мәслихаттың сессиялары мен оның басқа да органдарының отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
Тармақша 11
11) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихаттың жоспарланған сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссияларының отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау;
Тармақша 2
2) депутаттық сауалдардың және депутаттық ұсыныстардың мерзімінде қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға және мекемелерге сұраулар жолдау;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихатқа жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижесіне бақылау жасау;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихаттың сессияларының және тұрақты комиссияларының отырыстары хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету.
Тармақша 5
5) аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылау жасау.
Тарау 3. 3. Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру
3. Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Мәслихат аппаратын заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихаттың төрағасымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тармақ 19
19. Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болатын, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Аудандық мәслихат аппарат басшысының орынбасарлары болмайды. 21. Аппарат басшысы:
Тармақша 1
1) шарттар жасасады, бухгалтерлік құжаттарға бірінші қол қою құқығы беріледі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын мәслихат төрағасына бекітуге ұсынады;
Тармақша 3
3) мәслихаттың сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың жасалуын және депутаттардың сессияға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихаттың сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмыстарға қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 5
5) мәслихаттың шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.
Тармақша 6
6) аппараттың қызметінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманың сақталуын, сессиялардың жалпы отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) мәслихат аппаратының қызметкерлеріне басшылықты жүзеге асырады, олардың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметшілердің жалпы еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияға басшылық жасауды, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды, құжат айналымын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмектер көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін көтеру және сыйақы беру мәселелері бойынша мәслихат төрағасымен келіседі және ұсыныстар жасайды;
Тармақша 10
10) шешімдердің,өкімдердің жобаларын,сондай-ақ мәслихат төрағасының атына түскен құжаттар мен материалдарды мәслихат төрағасына қол қоюға және қарауға ұсынады;
Тармақша 11
11)қызметтік құжаттарға, аппарат қызметкерлерінің еңбек кітапшаларына қол қояды;
Тармақша 12
12) мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды;
Тармақша 5
5) депутаттардың сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
Тармақша 6
6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 8
8) аппарат қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы өкімдер қабылдайды;
Тармақша 9
9) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 10
10) банктік шоттарды ашады;
Тарау 4. 4. Мәслихат аппаратының мүлкi
4. Мәслихат аппаратының мүлкi
Тармақ 23
23. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Мәслихат аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихаттың аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.