Правила оказания социальной помощи специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в (аульной) сельской местности на приобретение топлива Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Селолық (ауылды) жерде тұратын және істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету мәдениет және мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1991 жылдың 13 ақпанындағы «Қазақ ССР-де ауыл (село) мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытының басымдылығы туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Селолық (ауылды) жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет Департаментінде тіркеліп, аудандық «Есіл» газетінде жарияланған күннен бастап күшке енеді. Келісілді Аудандық қаржы басқармасының бастығы Қ.К.Сатвалдинова 22.11.2004 г. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы М.Т.Мұқашев 22.11.2004 г.
Басқа 3. Селолық (ауылды) жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
«БЕКІТІЛГЕН» Аудандық мәслихатының 2004 жылдың «17» қарашасындағы №78 шешімі «Селолық (ауылды) жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» Селолық (ауылды) жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар
1. Жалпы жағдайлар
Тармақ 1
1. Осы ережелер Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 ақпанындағы «Қазақ ССР-де ауылды (село) және аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің дамуларының басымдылықтары туралы» Заңын орындау барысында әзірленген.
Тармақ 2
2. Ауылды жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына біржолғы ақшалай төлем (одан әрі - әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем) бір жылда бір рет тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік саладағы мамандарға заңсыз толенген сома заңнамада белгіленген тәртіп бойынша кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтіріледі.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай толем еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына ұсынылған кұжаттар негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) бір жолғы ақшалай төлемдерді тағайындау туралы өлшем;
Тармақша 2
2) ақша төлемін алушы Қазпошта бөлімшесінде салым бойынша есеп шотының нөмірін ашуға міндетті;
Тармақша 3
3) атқаратын лауазымы туралы мекемеден анықтама;
Тармақша 4
4) мекен- жайын анықтайтын анықтама; Осы ұсынылған құжаттар негізінде біржолғы ақшалай төлем беріледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлем осы Ережемен таратылып, бірге тұратын екі немесе одан да көп тұлғалардың әрқайсына береледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыруды төлеу тәртібі.
3. Қаржыландыруды төлеу тәртібі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік саладағы селолық аймақтарда тұратын және жұмыс істейтін мамандарға осы жылғы осындай мақсаттарға көзделген ақша төлемдері жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі.
4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі.
Тармақ 7
7. Біржолғы ақшалай төлемді беру бойынша есеп жүргізу, бақылау және есеп беру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында жүктеледі.
Тармақ 8
8. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы әр тоқсанның бірінші айының 10 күніне дейін, өткен тоқсандағы біржолғы ақшалай төлемге отын сатып алуға берілген сома бойынша Қазпошта бөлімшесімен салыстырып, тексеру актін құрастырады.