Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занына сәйкес Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Е. Үмітовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Ақжайық аудандық мәслихатының төрағасы _______________ С. Сиражев «__» _______ 2025 жыл
Басқа 5. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Ақжайық ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «26» қаңтардағы № 15 қаулысына қосымша Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Тарау 1. 1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі.
1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі.
Тармақша 1
1) Басқарушы персонал: мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор), басшының (директор) орынбасары (басшының экономикалық мәселелері бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы (директор), отбасын қолдау орталығының басшысы (директор), үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі, отбасын қолдау орталығының құрылымдық бөлімшенің басшысы.
Тармақша 2
2) Негізгі персонал: мамандар: үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметтер жөніндегі кеңесшісі, күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызметкер, психолог, халықпен профилактикалық жұмыс маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант, ассистент).
Тарау 2. 2. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі.
2. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі.
Тармақша 1
1) Басқарушы персонал: мәдениет ұйымдары мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директор) және басшысының (директор) орынбасары, (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), музыкалық бөлім меңгерушісі, мәдениет үйінің жетекшісі, ауылдық клуб меңгерушісі, көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет жетекшісі, кітапхана басшысы (директор) және басшысының (директор) орынбасары, бөлім меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі.
Тармақша 2
2) Негізгі персонал: мамандар: режиссер, режиссер ассистенті, дирижер, хормейстер, балетмейстер, хореограф, сүйемелдеуші, дыбыс режиссері, әкімші (негізгі қызметтер), мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), концертмейстер, музыкалық жетекші, музыкатанушы, ұжым (үйірме) жетекшісі, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), кітапханашы, библиограф, редактор.
Тармақша 3
3) Әкімшілік персонал: барлық атаудағы техниктер.
Тарау 3. 3. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін спорт мамандары лауазымдарының тізбесі.
3. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін спорт мамандары лауазымдарының тізбесі.
Тармақша 1
1) Басқарушы персонал: мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор), басшысының (директор) орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), спорт клубының меңгерушісі.
Тармақша 2
2) Негізгі персонал: мамандар: нұсқаушы-спортшы, нұсқаушы-әдіскер, медициналық бике/аға.