О присвоении наименований улицам в селе Елтай сельского округа Елтай Қолданыста
Басқа 0
Елтай ауылдық округі Елтай ауылындағы көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы қорытындысы негізінде және Елтай ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Елтай ауылдық округі Елтай ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Қазақстан - 1 шағын ауданының №5 атауы жоқ көшесіне Садық Досанов көшесі;
Қазақстан - 1 шағын ауданының №7 атауы жоқ көшесіне Ғұбайдолла Кәукен көшесі;
Қазақстан - 1 шағын ауданының №9 атауы жоқ көшесіне Құспан Салықов көшесі;
Қазақстан - 2 шағын ауданының №5 атауы жоқ көшесіне Зәкім Махметов көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.