«Об определении максимальных размеров земельных участков, выставляемых на конкурс по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства в Ерейментауском районе» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы 1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексiнің 43-1 бабының 2-1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31-баптарына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулының және шешімінің қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқандалсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Ерейментау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы №а-1/15 бірлескен қаулысына және Ерейментау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-50/4-26 шешіміне қосымша Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар Оның ішінде егістік шабындықтар жайылымдар Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін 5250 1500 60 3690 Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 35000 10000 400 24600