О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Туркестанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Түркістан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
2026 жылғы 22 қаңтардағы № 23 Қаулыға қосымша Түркістан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 шiлдедегi № 200 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4186 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 «Су қорғау аймақтары, белдеулері, олардың шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 маусымдағы № 182 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4664 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 «Су қорғау аймақтары, белдеулері, олардың шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 10 қарашадағы № 218 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30510 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 «Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-0-6235 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 «Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 175 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6583-13 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 «Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6629-13 болып тіркелген).