Об утверждении квалификационных требований к организациям по коллективному управлению правами Қолданыста
Басқа 0
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-2-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 26 қаңтардағы
№ 76 Бұйрыққа қосымша
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар
Тармақ 1
1. Осы біліктілік талаптары «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 3-тармағында көзделген ұжымдық басқару салаларында қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарына қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді.
Аккредиттеуге үміткер құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген салалардың әрқайсысы бойынша жеке өтініш береді.
Тармақ 2
2. Аккредиттеуге үміткер құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымына мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) құқықтарды ұжымдық басқару саласында оған сәйкес мүліктік құқықтарды берген құқықтарды ұжымдық негізде басқару ұйымдарының кемінде 500 мүшесінің болуы;
Тармақша 2
2) заңды тұлға ретінде тіркелген кезден бастап мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару саласында қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыруы;
Тармақша 3
3) ұжымдық басқару саласында жиналған сыйақыны бөлу және төлеу бойынша кемінде жиырма рет расталған жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 4
4) ұйымның қызметі туралы авторлардан, пайдаланушылардан, сондай-ақ басқа мемлекеттерде немесе халықаралық конфедерацияларда ұқсас мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардан алынған оң пікірлердің болуы;
Тармақша 5
5) тиісті ұжымдық басқару саласы бойынша құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын өзге мемлекеттердің ұқсас ұйымдарымен кемінде бес қолданыстағы мүдделерді өзара білдіру туралы шарттардың болуы;
Тармақша 6
6) шетелдік мемлекеттердің мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарына соңғы бес жылда қолданыстағы мүдделерді өзара білдіру туралы шарттардың негізінде сыйақының тиісті сомаларын аударылғанын растайтын құжаттардың болуы;
Тармақша 7
7) ұйымның Заңының 46 және 47-баптарында көзделген міндеттерді тиісті түрде орындауы;
Тармақша 8
8) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ заңды қаулыларын, нұсқамаларды және өзге де талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы.