О наименовании некоторых составных частей Кайыршахтинского сельского округа Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қайыршақты ауылдық округінің кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 1 қорытындысы негізінде және Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне:
Тармақша 1
1) «Көктем» шағын ауданындағы: №3 көшеге Бисеғали Ерғалиев көшесі; №7 көшеге Ихсан Букаев көшесі; №21 көшеге Нұрмұхан Абиров көшесі:
Тармақша 2
2) «Жұлдыз -3» шағын ауданында: №6 көшеге Әбен Жолдыбаев көшесі; №8 көшеге Бидағали Танабаев көшесі; №13 көшеге Биғали Тлепбергенов көшесі; №15 көшеге Жылкышы Тағыбергенов көшесі:
Тармақша 3
3) Ақсай ауылындағы: №7 көшеге Ержігіт Нұрханұлы көшесі; №8 көшеге Еңсеген Иманғазиев көшесі; №9 көшеге Құттығұл Құлтаев көшесі; №15 көшеге Іздібай Жайықбаев көшесі; №21 көшеге Әбу Ақбаев көшесі; №22 көшеге Әубәкір Әлімбетов көшесі; №23 көшеге Хиуа Мұқанов көшесі; №24 көшеге Орынғали Шакиев көшесі; №27 көшеге Нәжімеден Шүкіралиев көшесі; №30 көшеге Жыршыбек Амантурлин көшесі:
Тармақша 4
4) Ақжар ауылындағы: №3 көшеге Сейтжан Мусин көшесі; №4 көшеге Самат Даралиев көшесі; №6 көшеге Бейісқали Құлымбетов көшесі; №11 көшеге Қалым Шелденов көшесі: №11 көшеге Қадым Жандауов көшесі:
Тармақша 5
5) Талғайран ауылындағы: №3 көшеге Мақсот Ідірісов көшесі; №6 көшеге Сабыр Маңғыстауов көшесі:
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.