О реорганизации коммунального государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен қайта құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосыла берілген «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға қосыла берілген «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында ережені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін
Тармақ 5
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында заңды тұлғаны және ережені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің тиісті орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 5 қаулысына қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 2026 ж.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Аққайың ауданының аумағындағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 1.1
1.1. Бөлімнің мынадай ведомствосы бар: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150300, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново аулы, 9 май көшесі, 67.
Тармақ 9
9. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аққайың ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары: ауданда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру; әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін және халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: қажет ақпараттарды, ауданның мемлекеттік органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құзыреттілікті жүзеге асырады
Тармақша 2
2) міндеттері: бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу және сараптау; халықтың еңбек етуге, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет көрсетуде конституциялық құқықтарын және мүддесін іске асыру; әлеуметтік әріптестік жөніндегі жұмысты аудандық деңгейде ұйымдастыру; басқалардан көмек қажет ететін жалғыз тұратың қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнайы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру; халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мемлекеттік саясатын әзірлеу және іске асыруда жұмыс берушілер өкілдерінің, қызметкерлердің және қоғамдық ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету; қоғамдық ұйымдармен, қоғамдармен, соғыс және еңбек ардагерлері Кеңестерімен өзара байланыс жасау.
Тармақ 14
14. Функциялары халықты әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу; мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеуге қатысу; еңбек нарығындағы жағдайды талдау және болжау; жоғары тұрған органдарға халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу; өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру; ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру; әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру; аудан әкімі, жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың аудандық бірлестіктері арасындағы аудандық үшжақты келісімді, аудандық үшжақты Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, Келісу және аудандық үшжақты комиссияны бекітуге ұсыну; аудандық үшжақты Келісімді іске асыру бойынша қабылданған міндеттемелер мен іс-шаралардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу; халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларын және нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды үйлестіру; аудан әкімінің қарауына: аудан аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын айқындау және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы ұсыныстар әзірлеу және енгізу; халықты жұмыспен қамту мәселелерін қарайтын атқарушы билік органдарының, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіподақтардың өкілдерінен құралатын консультативтік комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу; тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу; еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды беру, ұзарту және кері қайтарып алу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрлық қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуде әлеуметтік көмек көрсету және үйлестіру; жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарын рәсімдеу; жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшіні, есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз етуге құжаттарын рәсімдеу; Қазақстан Республикасының заңнамасында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну көзделген; Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп - тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен,сурдо-тифло-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жоспарлау және ұйымдастыру; Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде консультациялық көмек көрсету және олардың қызметін үйлестіру; талдау материалдарын дайындау, семинарларда, кеңестерде сөз сөйлеу, аудан тұрғындарымен кездесу; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша бағдарламалық базаларды пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету; бөлімде лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметасының орындалуын, бюджеттік сыныптамаларды және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; Бөлім қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және сыныптамасын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштерін, өтініштері мен шағымдарын белгілеу тәртібімен қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың аз қамтылған топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; тиісті жылға аудан халқын әлеуметтік қорғау жүйесінің жергілікті бюджет жобасын әзірлеу; аудан әкімінің және әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және мониторингілеу; әлеуметтік қорғауға мұқтаж көпбалалы отбасыларды, ана мен баланы, мүгедектігі бар адамдарды, халықтың басқа да топтарын қорғауды қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға қатысу; халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына, мемлекеттің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдіктерге үміткер халықтың басқа да топтарына әлеуметтік көмекке мұқтаждарды анықтау мәселелері бойынша ауылдық округтер әкімдері аппараттарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету; жеке санаттағы мұқтаж азматтарға және атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; интернат-үйлеріне: психоневрологиялық, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған анықтауды және оларды осы мекемелерге жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуді қажет ететін азаматтарды, оның ішінде үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері арқылы анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; әлеуметтік қолдау көрсету бойынша, оның ішінде үйде, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері арқылы жұмысты ұйымдастыру; аудан азаматтарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен (ардагерлер ұйымдарымен, мүгедектігі бар адамдарға қоғамдарымен, қайырымдылық қорларымен және басқа да коммерциялық емес ұйымдармен) бірлескен қызметті ұйымдастыру; қайырымдылық қорларының, әлеуметтік көмекті жүзеге асыратын меценаттардың сұрау салуы бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың ақпаратын ұсыну; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Бөлім басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Бөлімнің бірінші басшысы      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысының      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері: бөлім қызметін басқарады және оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орыдалуына жеке жауапкершілік артады; өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылайды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдайды және босатады, оларға заңмен белгіленген ретте көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады; Бөлім мүддесінде белгіленген іс-қимылдарды жасауға Бөлім жұмыскерлеріне өкілеттік беріп, Бөлім атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды; бағыныстылар арасында жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады, орындалуына жеке жауапкершілік артады; Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді; ерлер мен әйелдердің тең мүмкіншіліктерін және құқықтарының мемлекеттік кепілі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді; қаржыландыру жоспарының үнемделуі шегінде мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру, қосымша ақы белгілеу, құрылымды, Бөлім туралы Ережені аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады; Бөлім құзыретінің шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды; бюджетте көрсетілген қаржы құралдарына өкімдік жүргізеді, Бөлімнің шығыс сметасын бекітеді; әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге біліктілік талаптарының Жиынтығын бекітеді; жеке құрам бойынша бұйрық шығарады, бөлім қызметшілерін іссапарларға жолдайды; мемлекеттік қызметшілердің кадрлар біліктілігін жоғарылатуын және қайта даярлығын, даярлығын, оқуын қамтамасыз етеді; Аққайың ауданы әкімінің келісуімен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады; Аққайың ауданы әкімінің келісуімен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Бірінші басшы өз орынбасарының және бағыныстылардың өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Бөлім бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім   өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 5 қаулысына қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 2026 ж.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 2
2. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеменің түрі – коммуналдық.
Тармақ 4
4. Орталықтың құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), ол Мекемеге қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Мекеме қызметін үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 6
6. Орталықтың атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. Орталықтың орналасқан жері: 150300 индексі, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 9 Мамыр көшесі, 67-үй.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Орталықтың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аққайың ауданының бюджеті қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Тарау 2. 2. Орталықтың заңды мәртебесі
2. Орталықтың заңды мәртебесі
Тармақ 10
10. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар мөрлері болады.
Тармақ 11
11. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа заңды тұлғаны құруға, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) болуға құқылы емес.
Тармақ 12
12. Орталық өз міндеттемелері бойынша өз қарамағындағы ақшалай қаражатпен жауап береді. Ақшалай қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікті тиісті бюджет қаражаты есебінен құрылтайшы көтереді.
Тармақ 13
13. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында міндетті тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Орталықтың қызметінің мәні мен мақсаттары
3. Орталықтың қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 14
14. Орталықтың қызметінің мәні – арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. Арнаулы әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Орталықтың мақсаты – бөгде күтім мен көмекке мұқтаж жалғызбасты қарт еңбекке жарамсыз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Тармақ 16
16. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қызмет алушылардың мынадай санаттарына (бұдан әрі – қызмет алушылар) тұрғылықты жері бойынша үйде күтім көрсету, тәулік күндізгі уақытта, стационарлық және жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету: - психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балаларға; - тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға; - психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға; - бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; - кәрілік жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;
Тармақша 3
3) халық арасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге деген қажеттілікті талдау жүргізу.
Тармақ 17
17. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде қызмет көрсетуге қабылданады және қызмет көрсетуден шығарылады.
Тармақ 18
18. Орталық осы Ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқылы емес.
Тармақ 19
19. Орталықтың қызмет мақсаттарына қайшы келетін, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле мемлекеттік басқару органының немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Орталықтың жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік әрі материалдық жауапкершілікке әкеп соғады.
Тарау 4. 4. Орталықты басқару
4. Орталықты басқару
Тармақ 21
21. Орталықты басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Орталыққа мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) Орталық мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Орталықтың Ережесін және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 4
4) Уәкілетті органмен келісім бойынша Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) Орталықтың қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 6
6) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, қызметтен босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) Орталықтың құрылымы мен штаттық бірліктерінің шекті санын бекітеді;
Тармақша 8
8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 24
24. Басшы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, тікелей жергілікті атқарушы органға бағынады және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілік алады.
Тармақ 25
25. Басшы дара басшылық қағидатында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде Орталықтың қызметіне қатысты мәселелерді дербес шешеді.
Тармақ 26
26. Орталықтың осы Ережеден тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік әрі материалдық жауапкершілікке әкеп соғады.
Тармақ 27
27. Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Тармақша 1
1) сенімхатсыз Орталық атынан әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Орталықтың мүдделерін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) қызметкерлерді іссапарларға, тағылымдамаларға, оқытуға жіберу жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банктік шоттар ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) Орталық мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Орталық қызметінің саясаты мен стратегиясын айқындайды;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды және жеке жауапкершілік көтереді;
Тармақша 11
11) жергілікті атқарушы орган тағайындайтын қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 12
12) қызметкерлерге көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 13
13) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 14
14) жұмыстың ұтымды нысандары мен әдістерін енгізу, материалдық-техникалық базаны дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және жергілікті атқарушы органның тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Орталық мүлкін қалыптастыру тәртібі
5. Орталық мүлкін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 28
28. Орталықтың мүлкі заңды тұлғаның активтерінен тұрады және оның балансында көрсетіледі. Орталықтың мүлкі:
Тармақша 1
1) меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (оның ішінде ақшалай кірістер);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 29
29. Орталық өзіне бекітілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен оған билік етуге құқылы емес.
Тармақ 30
30. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында көзделген салаларда өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаны қоспағанда, тиісті бюджетке есепке жатқызылады.
Тармақ 31
31. Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Орталықтың қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Тармақ 32
32. Орталық бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілікті ұсынады.
Тармақ 33
33. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру мен ревизияны жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Орталықтағы жұмыс режимі
6. Орталықтағы жұмыс режимі
Тармақ 34
34. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 35
35. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша енгізіледі және Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Тарау 8. 8. Қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8. Қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 36
36. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Мемлекеттік заңды тұлға заңнамалық актілерде көзделген өзге де негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 38
38. Таратылған Орталықтың кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі жергілікті атқарушы органмен қайта бөлінеді.
Тармақ 39
39. Таратылған Орталықтың ақшалай қаражаты, оның ішінде осы заңды тұлғаның мүлкін сатудан алынған қаражат кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
Тарау 9. 9. Филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер
9. Филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер
Тармақ 38
38. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.