О создании коммунального государственного учреждения «Маңғыстау – құм қорғаны» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының «Маңғыстау – құм қорғаны» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Е. Үйсімбаевтың 2024 жылғы 26 маусымдағы № 11-08/Б-1206 хаттамасы негізінде, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Маңғыстау – құм қорғаны» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) құрылсын.
Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданы, 250-үй, индекс 130400.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Мекеменің Жарғысы бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталында мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізіліміне тиісті толықтыру енгізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Басқа 6. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы «___»___________
№_____қаулысына қосымша
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы «Маңғыстау – құм қорғаны»
коммуналық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Ұйымдық-құқықтық нысаны: коммуналдық мемлекеттік
мекемесі (КММ)
Мемлекеттік меншік түрі: коммуналдық
Құрылтайшы: Маңғыстау облысының әкімдігі
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы,
А. Өтепбергенов көшесі,
8-үй, индекс 130408.
Ақтау қаласы, 2025 жыл
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Маңғыстау – құм қорғаны» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – коммуналдық мемлекеттік мекемесі) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеме ___ жылғы «___» Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімімен құрылды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеменің атауы: Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Маңғыстау – құм қорғаны» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданы, 250 ғимарат, индекс 130400.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: табиғат қорғау жобаларына сәйкес экологиялық тепе теңдікті қалыпты ұстау, табиғи экожүйе мен биоәртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты: табиғат қорғау жобаларына сәйкес құм сілімдерін бекіту және шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру, сексеуіл плантацияларын күтіп-ұстау, сексеуіл тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау, өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) шөлейттенуге қарсы күрес және құм сілімдерін бекіту іс-шараларын жүргізу;
Тармақша 2
2) елді мекендер айналасына сексеуілдің жасанды мелиорациялық жасыл екпелерін егу, күтіп ұстау және қорғау;
Тармақша 3
3) жасыл екпелер ресурстарының мүмкіншілігін арттыру, тұқымбақ жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 4
4) жасыл аймақ аумағын күзетуді, күтіп-ұстауды, өртке қарсы жабдықтауды, зиянкестер мен аурулардан қорғауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) жасыл аймақ аумағында бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнінде шараларды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) табиғат қорғау жобаларына сәйкес, жасыл аймақ құрудың өзге де бағыттарын жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле Уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік мекемені басқару
4. Мемлекеттік мекемені басқару
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Құрылтайшы заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 2
2) коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарын (орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды;
Тармақша 8
8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
Тармақша 10
10) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Уәкілетті орган мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен Уәкілетті орган жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 27
27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін Уәкілетті органның бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
Тармақ 30
30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу тәртібі
Тармақ 31
31. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Құрылтайшының шешімімен жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
Тарау 8. 8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және
тарату шарттары
8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және
тарату шарттары
Тармақ 32
32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік заңды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 34
34. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.
Тармақ 35
35. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Тарау 9. 9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілеттіктері туралы мәліметтер
9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілеттіктері туралы мәліметтер
Тармақ 36
36. Мемлекеттік мекеменің филиалдар мен өкілеттіктері жоқ.