Об утверждении Правил ведения информационной системы аквакультуры Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 7. Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет;
Тармақша 2
2) аквашаруашылық объектілері – аквашаруашылық субъектілері көбейтетін және (немесе) күтіп-ұстайтын, өсіретін балықтар, су моллюскалары және шаян тәрізділер;
Тармақша 3
3) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) аквашаруашылық субъектілері – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Тармақша 5
5) аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер – аквашаруашылық объектілеріне арналған азықты өндіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес балық өсіру саласында селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 6
6) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі – уәкілетті органның аквашаруашылықтың дамуын мониторингтеу мен талдауға, аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізуге және аквашаруашылық объектілерінің, оның ішінде оларды қайта өңдеу өнімдерінің қадағалануына, сондай-ақ аквашаруашылық саласында деректер мен мәліметтерді жинауға және қалыптастыруға, цифрландыруды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйесі.
Тарау 2. 2-тарау. Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібі
2-тарау. Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі арқылы аквашаруашылықтың дамуына мониторинг пен талдауды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға келіп түсетін ақпаратқа тұрақты мониторинг пен талдау жүргізеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган аквашаруашылықтың дамуына мониторинг жүргізу және талдау нәтижелерін кейіннен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36830 болып тіркелген) бекітілген Аквашаруашылықты дамытудың жай-күйін бағалауды жүргізу қағидаларына сәйкес аквашаруашылықты дамытудың жай-күйіне бағалау жүргізу үшін пайдаланады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 296 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36882 болып тіркелген) бекітілген Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізеді.
Тармақ 6
6. Аквашаруашылық субъектілеріне аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесіне өтеусіз қол жеткізу, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінен мәліметтерді алу және пайдалану мүмкіндігі беріледі.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган Заңның 10-бабының 9-тармағына сәйкес аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жосықсыз аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін қалыптастырады.
Тармақ 8
8. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерімен, мемлекеттік немесе өзге де дерекқорлармен және (немесе) ақпараттық жүйелермен интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Аквашаруашылық объектілерін, оның ішінде олардың өңделген өнімдерін қадағалау мақсатында аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі мынадай деректер мен мәліметтерді жинауды және қалыптастыруды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) «E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесінен тауарлар нарығында шығарылатын аквашаруашылық өнімінің көлемдері мен түрлері туралы;
Тармақша 2
2) «Заңды тұлғалар», «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларынан аквашаруашылық субъектілері, олардың деректемелері, олар жүзеге асыратын қызмет түрлері туралы;
Тармақша 3
3) «Кеден» ақпараттық жүйесінен экспортталатын және импортталатын аквашаруашылық өнімдерінің көлемдері мен түрлері туралы;
Тармақша 4
4) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінен аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы.
Тармақ 10
10. Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мәліметтерді, құжаттарды, материалдарды электрондық нысанда орналастыруды, тіркеуді және есепке алуды;
Тармақша 2
2) мәліметтерге, құжаттарға, материалдарға қол жеткізудің көп пайдаланушы режимін;
Тармақша 3
3) мәліметтер, құжаттар, материалдар арасында ақпараттық сілтемелер (байланыстар) орнатуды;
Тармақша 4
4) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі функцияларына, мәліметтерге, құжаттарға, материалдарға қол жеткізу құқықтарының аражігін ажыратудың рөлдік моделін пайдалана отырып, қол жеткізу құқықтарының аражігін ажыратуды;
Тармақша 5
5) пайдаланушылардың іс-әрекеттер жасау уақыты, енгізілетін өзгерістердің сәттілігі, осындай тұлғалардың есептік жазбалары туралы ақпарат тіркелетін мәліметтерге, құжаттарға, материалдарға қатысты іс-әрекеттерін есепке алудың электрондық журналын автоматты түрде жүргізуді;
Тармақша 6
6) байланыс желілері бойынша мәліметтердің, құжаттардың, материалдардың берілуін криптографиялық қорғауды;
Тармақша 7
7) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі бұзылғаннан кейін 24 сағаттан аспайтын мерзімде мәліметтерді, құжаттарды, материалдарды, сондай-ақ бағдарламалық құралдарды резервтік көшірмелеуді, сақтауды (мерзімін шектемей) және қалпына келтіруді;
Тармақша 8
8) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде мәліметтерді, құжаттарды, материалдарды іздеу функцияларын;
Тармақша 9
9) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде, оның ішінде бір немесе бірнеше аквашаруашылық субъектілері бойынша мәліметтердің, құжаттардың, материалдардың болуы туралы мәліметтерді автоматты түрде жинауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін техникалық сүйемелдеуді ұйымдастырады, ол мыналардан тұрады:
Тармақша 1
1) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың қол жеткізу құқықтарын басқару (аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың есепке алу жазбаларын құру, өзгерту, бұғаттау, ауыстыру және қалпына келтіру);
Тармақша 2
2) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтылымының толыққанды жұмыс істеуін тексеру және тұрақты мониторингтеу;
Тармақша 3
3) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде қамтылған дұрыс емес деректердің бар-жоғын тексеру, талдау;
Тармақша 4
4) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінің анықтамалық ақпаратын сүйемелдеу;
Тармақша 5
5) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін пайдаланушыларға өңірлік деңгейде консультациялық қолдау көрсету;
Тармақша 6
6) клиенттік орынды күтіп-ұстау (аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың клиенттік жұмыс орындарында аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінің жұмысын мониторингтеу);
Тармақша 7
7) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінің пайдаланушы интерфейсіне өзгерістер енгізу бойынша ескертулер мен ұсыныстарды жинау және беру;
Тармақша 8
8) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде ескертулерді пысықтау және жою үшін оларды талдау;
Тармақша 9
9) жүктеп алулар мен есептерді ұсыну;
Тармақша 10
10) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың ескертулері мен ұсыныстары, аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін пайдалану барысында туындайтын проблемалар бойынша аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінің функционалын түрлендіру.
Тармақ 12
12. Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін тіркеу процесінде алатын есептік жазбасы (логин және құпиясөз) және электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болуы қажет.
Тармақ 13
13. Жүйеде сәйкестендіру үшін аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін пайдаланушы пайдаланушының атын, құпиясөзді және ЭЦҚ-ны енгізуі қажет.
Тармақ 14
14. Дербес деректерді жинау және өңдеу «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес аквакшаруашылық субъектілерінің және аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілердің келісімімен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Ақпараттық жүйелердегі және байланыс жүйелеріндегі ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.
Басқа 1. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жосықсыз аквашаруашылық субъектілерінің тізілімі
Аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жосықсыз аквашаруашылық субъектілерінің тізілімі № Аквашаруашылық субъектісінің атауы, орналасқан жері Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) Құрылтайшылардың, басшылардың ТАӘ Сот шешімінің нөмірі мен күні 1 2 3 4 5