Об утверждении образцов аншлагов границ рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, а также запретных для рыболовства сроков и мест, форму журнала учета лова рыбных ресурсов и других водных животных (промысловый журнал) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілері сондай-ақ балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындар ;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің шекараларын көрсететін аншлагтың үлгісі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 35 бұйрығына 1-қосымша Нысан Өсімді молайту учаскелерінің шекараларын көрсететін аншлагтың үлгісі НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ ОРЫНЫ! Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде «__» ________ - «__» _______ аралығында балық аулауға тыйым салынады. Уылдырық шашу орындарының карта-схемасы ВНИМАНИЕ! НЕРЕСТИЛИЩЕ! Рыболовство запрещается в период нереста и размножения рыбных ресурсов и других водных животных с «__» ___ - «__» ___. Карта-схема мест нерестилища Ескерту: өсімді молайту учаскелерінің шекараларын көрсететін аншлаг (бұдан әрі – №1 аншлаг) уылдырық шашу орындарында, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының көбейетін жерлерінде орнатылады және балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде балық аулауға тыйым салу мерзімдері туралы ақпарат береді, уылдырық шашу орындарының карта-схемасы болады. Нысан Тынығу аймақтарының шекараларын көрсететін аншлагтың үлгісі НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТЫНЫШТЫҚ АЙМАҒЫ! Балық аулауға тыйым салынады. Тыныштық аймағының карта-схемасы ВНИМАНИЕ! ЗОНА ПОКОЯ! Рыболовство запрещается Карта - схема зоны покоя Ескерту: тынығу аймақтарының шекараларын көрсететін аншлаг (бұдан әрі – №2 аншлаг) балық аулауға жыл бойы тыйым салынған орындарда орнатылады және тынығу аймағының карта-схемада көрсетілген су айдынында және (немесе) учаскеде балық аулауға тыйым салынғаны туралы ақпарат береді. Нысан Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің шекараларын көрсететін аншлагтың үлгісі БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СУБЪЕКТІСІНІҢ АТАУЫ СУ АЙДЫНЫНЫҢ және (немесе) УЧАСКЕСІНІҢ АТАУЫ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! «ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОДЕКСІНІҢ 383-БАБЫНА СӘЙКЕС РҰҚСАТСЫЗ НЕМЕСЕ ЖОЛДАМАСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАНҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ! Байланыс тел: 8 (код) нөмірі Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің карта-схемасы НАИМЕНОВАНИЕ СУБЪЕКТА РЫБНОГО ХОЗЯЙСТВА НАИМЕНОВАНИЕ ВОДОЕМА и (или) УЧАСТКА ВНИМАНИЕ! СОГЛАСНО СТАТЬЕ 383 КОДЕКСА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН «ОБ АДМИНИСТРАТИВНЫХ ПРАВОНАРУШЕНИЯХ» ЗА РЫБОЛОВСТВО БЕЗ РАЗРЕШЕНИЯ ИЛИ ПУТЕВКИ НАЛАГАЕТСЯ АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ШТРАФ! Контактный тел: 8 (код) номер Карта - схема рыбохозяйственного водоема и (или) участка Ескерту: балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің шекараларын көрсететін аншлаг (бұдан әрі – №3 аншлаг) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне кіреберіс жолдарда орнатылады, онда балық шаруашылығы субъектісінің атауы, су айдынының және (немесе) учаскенің атауы, байланыс телефоны туралы ақпарат жазылады және рұқсатсыз немесе жолдамасыз балық ауланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы хабарлайды, балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің карта-схемасы болады. Нысан Балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін аншлагтың үлгісі БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СУБЪЕКТІСІНІҢ АТАУЫ СУ АЙДЫНЫНЫҢ және (немесе) УЧАСКЕНІҢ АТАУЫ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! «__» _____ - «__» ________ аралығында карта-схемада көрсетілген орында балық аулауға тыйым салынады. Балық аулауға тыйым салынған орындардың карта-схемасы Карта - схема мест запретные для рыболовства НАИМЕНОВАНИЕ СУБЪЕКТА РЫБНОГО ХОЗЯЙСТВА НАИМЕНОВАНИЕ ВОДОЕМА и (или) УЧАСТКА ВНИМАНИЕ! Рыболовство запрещается в местах, указанных на карте - схеме водоема и (или) участка в период с «__» _____ - «__ ________». Ескерту: балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін аншлаг (бұдан әрі – №4 аншлаг) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде орнатылады, балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындар туралы ақпарат береді, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектісінің атауын, су айдынының және (немесе) учаскенің атауын қамтиды және су айдынының және (немесе) учаскесінің карта-схемасы болады. Аншлагтарға арналған жалпы сипаттамалар Аншлагтардың келесі сипаттамаларға сәйкестігі:
Тармақша 1
1) тіреу бағанасынан және сигналдық тақтайшадан тұруы;
Тармақша 2
2) сигналдық тақтайша тік төртбұрышты болуы және өлшемі ұзындығы кемінде 1,2 метр, ені кемінде 0,6 метр болуы;
Тармақша 3
3) сигналдық тақтайшаның төменгі бөлігі мен жер беті арасындағы қашықтық кемінде 1,5 метр болуы;
Тармақша 4
4) аншлагтардың негізгі фоны:
Тармақша 5
5) ашық жасыл түс – №1 аншлаг үшін;
Тармақша 6
6) ақ түс – №2 аншлаг үшін;
Тармақша 7
7) сары түс – №3 аншлаг үшін;
Тармақша 8
8) көк түс – №4 аншлаг үшін;
Тармақша 9
9) қызыл түс – аншлагтардың жиектемесі үшін. Сигналдық тақтайшадағы жазулар мемлекеттік және орыс тілдерінде қара түспен жазылуы тиіс. Өсімді молайту учаскелерінің, тынығу аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін карта-схемалар сигналдық тақтайшаның ортасына орналастырылуы тиіс және олардың өлшемі сигналдық тақтайшаның жалпы көлемінің 1/4-нен кем емес және 1/3-тен көп емес болуы қажет. ______________________________________________________________________________________________ (балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі) ______________________________________________________________________________________________ (балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшемен шарт жасасқан балық шаруашылығы субъектісінің атауы) ______________________________________________________________________________________________ (бригада жетекшісі немесе басқа жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 2. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журналы)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 35 бұйрығына 2-қосымша Нысан Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журналы) Аулау кү­ні Су ай­ды­ны­ның және (неме­се) участ­ке­нің ата­уы Пай­да­ла­ны­л­ған ба­лық аулау құ­рал­да­ры­ның түр­ле­рі мен са­ны Ба­лық аула­уды жү­зе­ге асыр­ған ба­лық­шы­лар са­ны Ба­лық аула­уды жү­зе­ге асы­ра­ған ба­лық­шы­ның Т.А.Ә. (әке­сі­нің аты бар бол­са) Аулан­ған ба­лық кө­ле­мі (ки­ло­грамм) 1 2 3 4 5 6 Кестенің жалғасы Аулан­ған ба­лық­тың түр­лік құ­ра­мы, ба­лық түр­ле­рі (ки­ло­грамм) Бар­лық боса­ты­л­ған ба­лық (ки­ло­грамм) Ти­еп-жө­нел­ті­л­ген кү­ні, жүк­құ­жат­тың №, ав­то­ма­ши­на­ның ке­ме­нің № Аулан­ған ба­лық­ты қа­был­да­ған адам­ның Т.А.Ә. (әке­сі­нің аты бар бол­са) және қо­лы Ба­лық ре­сур­ста­рын және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­тор­дың қо­лы 7 8 9 10 11