О некоторых вопросах расширения территории республиканского государственного учреждения «Государственный природный резерват «Иле-Балхаш» Қолданыста
Басқа 0
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстанның ерекше қорғауды талап ететін бірегей табиғи объектілері ретінде Алматы облысының бағалы флорасы мен фаунасының түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысының Балқаш ауданы аумағындағы «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 19820,1322 гектар жер учаскелері су қоры жерлері санатынан алып қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы облысының Балқаш ауданы аумағындағы жалпы ауданы 35088,4747 гектар, оның ішінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және жалпы ауданы 15268,3425 гектар босалқы жерлер, оның ішінде Қараой мемлекеттік табиғи қаумалы аумағындағы 33525,1747 гектар жер учаскелері тұрақты жер пайдалануға берілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
Тармақ 4
4. Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеменің айналасында және оның шекарасында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе) шектеу қоя отырып, қорғау аймағын белгілесін.
Тармақ 5
5. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен және соның шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 6
6. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Алматы облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
23
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты
450252,6747
Балқаш ауданы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
»;
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
25
Қараой мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)
261870,9253
Балқаш ауданы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
».
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Алматы облысының Балқаш ауданы аумағындағы «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи
ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш»
мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға
берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Алматы облысының Балқаш ауданы аумағындағы «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи
ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш»
мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға
берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы
Р/с
№
Жерлердің санаты мен орналасуы
Жалпы ауданы, гектар
Оның ішінде, гектар
ормансыз алқаптар
жайылымдар
су астында
1
Босалқы жерлер (Қараой және Көктал ауылдық округтері)
15268,3425
15268,3425
-
2
Су қоры жерлері (Балқаш-Алакөл бассейні)
19820,1322
-
19820,1322
ЖИЫНЫ:
35088,4747
15268,3425
19820,1322
оның ішінде: Қараой мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында
33525,1747
13705,0425
19820,1322
____________________