О переименовании государственного учреждения Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік мекемені атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың дамуы, ұлттық жобалар, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдар функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 55-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын «Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі деп өзгертіңіз.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшада келтірілген «Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 893 «Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы» қаулысын жою.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдау.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылауды Қостанай қаласы әкімінің қарайтын орынбасарына жүктеу.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның ресми түрде алғаш рет жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Қостанай қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «19» қаңтардағы
№ 75 қаулысымен
бекітілді
«Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ) индустриялық-инновациялық даму, туризмді дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы, ветеринария, тұтыну нарығы және механикаландыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ заңнамасына сәйкес осыған берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын талдау және болжау;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге мақсаттар.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтар:
Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіппен ақпаратты сұрату және алу;
басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;
Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ММ мемлекеттік органдарда, сотта атынан өкілдік ету.
Тармақша 2
2) міндеттері:
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген міндеттерді жүзеге асыру,актілер мен тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) аймакта шағын және орта бизнесті және инновациялық қызметті қолдау үшін инфрақұрылым объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
Тармақша 4
4) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) Қостанай қаласының туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және үйлестіруді жүргізу;
Тармақша 6
6) Қостанай қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 7
7) сауда саласындағы заңнаманың сақталуына, оның ішінде сауда қызметі субъектілерінің өз құзыреті шегінде азық-түлік және басқа да тауарларға шекті бағалардың мөлшерінің асып кетуін мониторингті және бақылау жүргізу;
Тармақша 8
8) Қостанай қаласының аумағын даму бағдарламасына талдау және мониторинг жүргізу;
Тармақша 9
9) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдікке) беру;
Тармақша 12
12) Қостанай қаласында азық-түлік тауарларының қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну;
Тармақша 13
13) көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) үй жануарларын серуендетуге не жануарлармен өзге мақсатта болуға тыйым салынған орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған жағдайда үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау;
Тармақша 17
17) жануарларды жаңа иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын зарарсыздандыру қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған жануарлар баспаналарының қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ басшылықты «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бірінші басшысының орынбасары болады.
Тармақ 19
19. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерін көтермелеуді (материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды) жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 7
7) «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ перспективалық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жұргізеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бекіті21, «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада белгіленген болса, «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.