О присвоении наименования улице Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшеге атау беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Махамбет ауылы тұрғындарымен өткізілген 2025 жылғы 31 қазандағы № 16 хаттамасы және облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қантарындағы № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы № 43 атауы жоқ көшеге «Төлеуғали Қашаубаев», Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы № 44 атауы жоқ көшеге «Хамза Қашауов», Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы № 45 атауы жоқ көшеге «Адай Есенғалиев» атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.