О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.12 N 139 Жарлығымен;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығында :
Жарлық мәтiнiндегі 2-тармақта "3640" деген цифрлар "3580" деген цифрлармен алмастырылсын;
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымында:
1-бөлiмде:
реттік нөмiрi 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментi";
peттiк нөмiрi 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Төлем жүйелерi департаменті";
мынадай мазмұндағы, реттік нөмiрi 13-1-жолмен толықтырылсын:
"13-1. Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы";
3-бөлімде:
реттiк нөмiрi 4-жол алып тасталсын;
реттiк нөмiрi 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметiн қамтамасыз ету орталығы" жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (қазыналық кәсiпорны)".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.