Об утверждении Правил рассмотрения жалоб на решения комиссии по вопросам деятельности патентных поверенных Қолданыста
Басқа 0
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-6-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабының 5-тармағына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-2-бабының 5-тармағына сәйкес, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне шағымдарды қарау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 28 қаңтардағы
№ 96 Бұйрықпен бекітілген
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне шағымдарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Апелляциялық комиссия туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес әзірленді және апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия шешіміне шағымдарды қарау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) апелляциялық комиссия – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды сотқа дейін қарау жөніндегі алқалы органы;
Тармақша 2
2) Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – Комитет);
Тармақша 3
3) мүдделі тұлға – құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделері әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетпен (әрекетсіздікпен) қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін тұлға;
Тармақша 4
4) өтініш беруші – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға, лауазымды тұлғаға шағым берген тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) жасалатын тұлға (әкімшілік актінің адресаты);
Тармақша 5
5) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкілдігіне құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 6
6) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия – Комитет жанынан құрылатын комиссия;
Тармақша 7
7) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 8
8) тараптар – өтініш беруші және мүдделі тұлға;
Тармақша 9
9) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Тармақша 10
10) шағым – әкімшілік рәсімге қатысушының өзі немесе өзге де тұлғалардың әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетпен (әрекетсіздікпен) бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіруді немесе қорғауды талап етуді қамтитын өтініш нысаны.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қағидалар мен Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Комиссияның міндеттері жеке және заңды тұлғалардың патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарын қарау, сондай-ақ шағымдарды қарау кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, ашықтық, айқындық қағидаттарының сақталуы болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібі
2-тарау. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібі
Тармақ 5
5. Комиссияға жеке және заңды тұлғалардың патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдары беріледі.
Тармақ 6
6. Шағым еркін жазбаша (қағаз немесе электрондық) нысанда қазақ немесе орыс тілдерінде уәкілетті органның кеңсесі арқылы беріледі. Шағымға қоса берілетін материалдар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Тармақ 7
7. Шағымда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) шағымды қарайтын органның атауы;
Тармақша 2
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
Тармақша 3
3) жеке тұлғаның нақты тұратын мекенжайы және заңды тұлғаның орналасқан жері;
Тармақша 4
4) әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
Тармақша 5
5) әкімшілік рәсімге қатысушы өз талаптарын және дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;
Тармақша 6
6) шағым беру күні;
Тармақша 7
7) әкімшілік рәсімге қатысушының қолы;
Тармақша 8
8) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.
Тармақ 8
8. Шағым түскен күні Комиссияның жұмыс органы тіркейді және оған кіріс нөмірі беріледі. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес шағым құжаттарын қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңдарында және Қағидаларда белгіленген шағымды ресімдеуге, мазмұнына және беру рәсіміне қойылатын талаптардың сақталуын тексеру жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Қажетті материалдар болмаған жағдайда өтініш берушінің атына он жұмыс күні ішінде шағымды қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Қайтаруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін қайта берілген кезде өтініш берушінің шағымы жалпы тәртіппен қаралады.
Тармақ 11
11. Шағымды қарауға қабылдаудан бас тартылады, егер:
Тармақша 1
1) шағым Комиссияда қаралуға жатпайды;
Тармақша 2
2) шағымға қол қойылмаған не оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойған;
Тармақша 3
3) шағым белгіленген мерзімді бұза отырып берілген және көрсетілген мерзімді ұзарту және қалпына келтіру мүмкіндігі жоғалған;
Тармақша 4
4) өтініш беруші белгіленген мерзімде шағымды ресімдеуге, мазмұнына және рәсіміне қойылатын талаптарға қатысты кемшіліктерді жоймаған.
Көрсетілген мән-жайлар болған кезде өтініш берушіге он жұмыс күні ішінде шағымның қарауға қабылданбайтыны және берілмеген болып есептелетіні туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 12
12. Мүдделі тұлғаға (патенттік сенім білдірілген өкілге) шағым қарауға қабылданғаннан кейін (мүдделі тұлға болған кезде) шағым мен материалдардың көшірмелері қоса берілген шағымның келіп түскені туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 13
13. Өтiнiш берушi берiлген шағымды Комиссия шешiмдi жария еткенге дейiн қайтарып ала алады.
Тармақ 14
14. Шағымдарды Комиссия оларды қарауға қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 15
15. Комиссияның отырыстары күндізгі және (немесе) қашықтықтан форматында өткізіледі.
Тармақ 16
16. Шағымды қарауға тараптар және сараптама ұйымының өкілі (қажет болған жағдайда) қатысады.
Тараптар шағымды қарауға жеке өзі, сондай-ақ өз өкілі арқылы қатыса алады. Өкілдің өкілеттігі сенімхатпен расталады.
Уәкілетті органның және сараптама жасау ұйымының қызметкерлері көрсетілген адамдардың өкілі бола алмайды.
Тармақ 17
17. Комиссия отырыс өткізілетін күнді мынадай жағдайларда кейінге қалдырады:
Тармақша 1
1) шағымды оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берген жағдайды қоспағанда, тараптар келмеген;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыт қажеттігі туралы өтінішхаты.
Тармақ 18
18. Шағымды мәні бойынша қарау төрағалық етушіден басталады.
Тармақ 19
19. Істі одан әрі қарау мынадай реттілікпен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) хатшының шағымды қарау туралы сөзі;
Тармақша 2
2) шағым берген адамның және (немесе) оның өкілінің сөз сөйлеуі;
Тармақша 3
3) мүдделі тұлғаның және (немесе) оның өкілінің сөз сөйлеуі (бар болса);
Тармақша 4
4) сараптама ұйымы өкілінің сөз сөйлеуі (қажет болған жағдайда);
Тармақша 5
5) Комиссия мүшелерінің сұрақтарына тараптардың жауаптары.
Тармақ 20
20. Шағымды қарауға қатысатын тұлғалар:
Тармақша 1
1) іс материалдарымен танысады, олардан үзінді көшірме жасайды, тапсырыс береді және олардың көшірмелерін алады;
Тармақша 2
2) дәлелдемелер ұсынады;
Тармақша 3
3) дәлелдемелерді зерттеуге қатысады;
Тармақша 4
4) Комиссия қатысушыларына сұрақтар қояды;
Тармақша 5
5) өтініш білдіреді;
Тармақша 6
6) Комиссия мүшелеріне ауызша және жазбаша түсініктемелер береді;
Тармақша 7
7) шағымды қарау барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен пайымдауларын білдіреді;
Тармақша 8
8) іске қатысатын басқа да адамдардың өтініштеріне, дәлелдері мен пайымдауларына қарсылық білдіреді.
Тармақ 21
21. Іске қатысушы адамдар өздеріне тиесілі барлық құқықтарды адал пайдаланады.
Тармақ 22
22. Комиссия шешім шығарады:
Тармақша 1
1) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне шағымды қанағаттандыру туралы;
Тармақша 2
2) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
Тармақша 3
3) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне шағымды ішінара қанағаттандыру туралы.
Комиссия өз бастамасы бойынша шағымның нысанасын немесе негізін өзгертпейді.
Тармақ 23
23. Комиссияның барлық мүшелері шағымды қарау кезінде тең құқықтарды пайдаланады. Комиссияның шешімі қатысып отырған мүшелер санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады; дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Төрағалық етуші қабылданған шешімнің қарар бөлігін шағымды қарауға қатысушы адамдарға жария етеді.
Тармақ 24
24. Қабылданған шешім шағымды қарауға қатысқан адамдарға ол шығарылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жіберіледі. Комиссияның шешімі жазбаша нысанда жазылады және кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.
Шешімге Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 25
25. Комиссия өтініш берушінің өтініші бойынша шағымды қараусыз қалдырады. Шағымды қараусыз қалдыру туралы шешім Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 26
26. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 27
27. Комиссия шағымды қараусыз қалдырады, егер:
Тармақша 1
1) Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен күні туралы тиісінше хабардар етілген, шағымды оның қатысуынсыз қарау туралы мәлімдемеген өтініш беруші Комиссияның отырысына қайталама шақыру бойынша келмеген;
Тармақша 2
2) шағым берген адамның өз шағымын кері қайтарып алу туралы өтініші болса.
Тармақ 28
28. Шағымды қараусыз қалдыру туралы шешім Комиссия отырысының хаттамасында тіркеледі.
Тармақ 29
29. Техникалық себептер бойынша қолданудың мүмкін еместігін қоспағанда, Комиссияның әрбір отырысы барысында бейнетіркеу жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Комиссия отырысы барысында бейнетіркеу құралдарын қолдану үздіксіз жүзеге асырылады. Отырысқа қатысушыларға үзіліс туралы немесе шешімді қабылдау үшін тараптардың кетуі туралы хабарлаған сәттен бастап және оны жариялаған сәтке дейін бейнетіркеу құралдарын тоқтату үзіліс болып табылмайды.
Тармақ 31
31. Комиссия отырыстарының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін бейнетіркеу құралдарын қолдануды отырыстың хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Комиссия отырысы басталар алдында хатшы отырыс барысын тіркеуді қамтамасыз ететін бейнетіркеу құралдарының жұмыс қабілеттілігін тексереді.
Тармақ 33
33. Бейнетіркеу құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда хатшы бұл туралы хаттамада бейнетіркеуді пайдаланбаудың себептерін көрсете отырып, төрағаға баяндайды. Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін хатшы бейнетіркеу құралдарының техникалық ақаулары туралы Әділет министрлігінің ақпараттық технологиялар жөніндегі қызметкеріне хабарлайды.
Тармақ 34
34. Объективті себептер бойынша бейнетіркеу құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы Комиссия отырысының жалғасуын жоққа шығармайды.
Тармақ 35
35. Хатшы отырысты бейнежазба құралдарымен бейнетіркеуді, сондай-ақ хаттамадан кейін тізімдемеде көрсете отырып, іс материалдарына қоса тіркелетін көшірмені материалдық (электрондық) жеткізгіште бір данада жазуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Отырыста бейнетіркеу құралдарын қолдану туралы Комиссия хаттамасында бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы көрсетіледі.
Тармақ 37
37. Бейнежазбаны қамтитын материалдық (электрондық) жеткізгіш қаптамада хаттаманың нөмірі, Комиссия отырысының күні, сондай-ақ хатшының қолы көрсетіле отырып, қапталған түрде (конвертте) іс материалдарына қоса тіркеледі.
Тармақ 38
38. Отырыс барысын бейнежазба құралдарымен одан әрі тіркеу мүмкін болмаған кезде Комиссия қатысушыларына бұл туралы хабарланады.
Тармақ 39
39. Егер техникалық ақаулықтардың салдарынан бейнетіркеу құралдарын пайдалана отырып хаттамалау мүмкін болмаса не Комиссия отырысының бейнежазбасы іс жүзінде жүзеге асырылмағаны анықталса, акт жасалады.
Тармақ 40
40. Актіге Комиссия хатшысы, төрағасы және мүшелері қол қояды және Комиссия хаттамасына қоса тіркеледі.
Тармақ 41
41. Бейнежазбаны техникалық фрагменттеу немесе оның форматын өзгерту жағдайларын қоспағанда, отырыстың бейнежазбасын тоқтата тұруға немесе түзетуге жол берілмейді.
Тармақ 42
42. Комиссия отырысының іс материалдарына қоса тіркелген бейнежазба көшірмесінің сақталуын хатшы істі мұрағатқа бергенге дейін қамтамасыз етеді.
Тармақ 43
43. Істі қабылдаған кезде мұрағатшы іс материалдарына қоса тіркелген материалдық (электрондық) жеткізгіштегі отырыстың бейнежазбасы көшірмесінің болуын тексереді.
Тармақ 44
44. Комиссия отырыстарының бейнежазбалары кемінде 1 (бір) жыл сақталады.