О создании коммунального государственного учреждения «Отделение социальной помощи на дому Абайского района» отдела занятости и социальных программ Абайского района Карагандинской области Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Абай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 18-бабына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министр орынбасарының-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметі қағидаларының 2-1-тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Абай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын (бұдан әрі – Бөлімше).
Тармақ 2
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөлімшенің Жарғысы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Заңды тұлғаның орналасқан жерін анықтау: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 30-үй.
Тармақ 4
4. Бөлімшесінің уәкілетті органы ретінде «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
Тармақ 5
5. «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімшені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Басқа 0. Абай ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
«Абай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Аудан әкімдігінің
2026 жылғы 30 қаңтар
№06/01 қаулысымен
бекітілген
Абай ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
«Абай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Абай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлімше) Қарағанды облысы Абай ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімше Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.
Тармақ 3
3. Бөлімшенің құрылтайшысы – Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігі.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ Бөлімшеге байланысты бөлімшенің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Бөлімшенің толық атауы :
мемлекеттік тілде: Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отделение социальной помощи на дому Абайского района» отдела занятости и социальных программ Абайского района.
Тармақ 6
6. Бөлімшенің тұрған жері: 101000, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, М.Әуезов көшесі, 30 үй.
Тарау 2. 2. Бөлімшенің заңдық мәртебесі
2. Бөлімшенің заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Бөлімшенің атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 8
8. Бөлімше басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 9
9. Бөлімше өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Бөлімше ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Бөлімшенің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Бөлімшенің қызметінің мәні мен қызметтері
3. Бөлімшенің қызметінің мәні мен қызметтері
Тармақ 11
11. Бөлімше қызметінің мәні мүгедек балалар мен мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлік жасқа толған, өзін-өзі күтуге қабілетсіз және денсаулық жағдайына байланысты үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қажет ететін қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.
Тармақ 12
12. Бөлімше қызметінің мақсаты «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жәрдемдеседі.
Тармақ 13
13. Бөлімше мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
Тармақша 2
2) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
Тармақша 3
3) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
Тармақша 4
4) FSM «Social» цифрлық платформасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттіліктерін бағалау және анықтау;
Тармақша 5
5) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
Тармақша 6
6) қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
Тармақша 8
8) психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, сондай-ақ стандартқа сәйкес психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге арналған Бөлімшеде сабақтар өткізу;
Тармақша 9
9) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысты жүргізу;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 11
11) барлық орындалған қызметтерді тұрақты тіркеуді, оларды түрлері мен санаттары бойынша жіктеуді, сондай-ақ ұсынылған қызметтердің нәтижелері мен тиімділігі туралы есептілікті қалыптастыру үшін деректерді жүйелі талдауды қоса алғанда, "Socium" платформасында алушыларға ұсынылған орындалған арнаулы әлеуметтік қызметтердің саны бойынша есепке алуды, статистиканы және есептілікті жүргізу;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Бөлімшеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Бөлімше Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Бөлімшені басқару
4. Бөлімшені басқару
Тармақ 16
16. Бөлімшені жалпы басқаруды «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Бөлімшенің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) Бөлімше мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Бөлімшенің құрылымын, құрылуы тәртібі мен шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 4
4) Бөлімше директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 5
5) Бөлімшенің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 6
6) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Бөлімшені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Бөлімшенің директоры «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. Бөлімшенің директоры Бөлімшенің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және Бөлімшеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 20
20. Бөлімшенің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Бөлімше қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 21
21. Бөлімше директорының Бөлімшемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 22
22. Бөлімше қызметінің жүзеге асыруы барысы Бөлімшенің директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Бөлімшенің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімшенің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) Бөлімшенің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Бөлімшенің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) Бөлімшенің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) Бөлімшенің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Бөлімшенің мүлкінің құрылу тәртібі
5. Бөлімшенің мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 23
23. Бөлімшенің мүлік құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Бөлімшенің мүлкі мыналар:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер себінен құрылады.
Тармақ 24
24. Бөлімше дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Бөлімшеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Бөлімшенің қызметі Қарағанды облысы Абай ауданының бюджетінен қаржыландырады.
Тармақ 27
27. Бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.
Тармақ 28
28. Бөлімшенің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Бөлімшенің жұмыс тәртібі
6. Бөлімшенің жұмыс тәртібі
Тармақ 29
29. Бөлімшенің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізі тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізі тәртібі
Тармақ 30
30. Бөлімшенің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Абай ауданының әкімі аппараты шешімі бойынша жүзеге асырылады жәңе «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімімен өтеді.
Тарау 8. 8. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 31
31. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату Абай ауданының әкімдігі жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органы қайта бөледі.
Тармақ 33
33. Таратылған Бөлімшенің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.