Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам водителей организаций, финансируемых за счёт средств местного бюджета Айтекебийского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әйтеке би ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары, қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Әйтеке би ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2026 жылғы __ қаңтардағы №__ қаулысына қосымша Әйтеке би ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Тарау i. I-тарау. Жалпы ережелер
I-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) жүргізушілердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен, оның ішінде аудандық бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтер бюджеттері есебінен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.
Тарау ii. II-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
II-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
Тармақ 3
3. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі. Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысына шығарады.
Тармақ 4
4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
Тармақ 6
6. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуге келіседі немесе бас тарту себептерін негіздей отырып бас тартады.
Тарау iii. III-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
III-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
Тармақ 7
7. Ынталандыру үстемеақылары жүргізушілерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 8
8. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
Тармақ 9
9. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
Тармақша 1
1) Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
Тармақша 2
2) Белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
Тармақша 3
3) Лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
Тармақша 4
4) Ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындауына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
Тармақша 5
5) Егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
Тармақша 6
6) Оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
Тармақша 7
7) Үстемеақылар сондай-ақ келесідей объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауру немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.
Тармақ 10
10. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жүргізушілерге белгіленбейді:
Тармақша 1
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
Тармақша 2
2) Ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;
Тармақша 3
3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне; 4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;
Тармақша 5
5) жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;
Тармақша 6
6) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
Тармақша 7
7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
Тармақша 8
8) оқу демалысы кезеңінде;
Тармақша 9
9) жүктілік және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
Тармақша 10
10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.
Тармақ 11
11. Ынталандыру үстемеақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Бюджеттік ұйымдар жүргізушілердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты әрбір қаржы жылында мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) көзделуге тиіс.