Об утверждении размера платы за один кубический метр питьевой воды, поданной из систем водоснабжения, включенных в перечень систем водоснабжения Западно-Казахстанской области, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 «Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген), Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшері - ҚҚС есептемегенде 130 теңге болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.