Об утверждении расходов местных исполнительных органов на возмещение организациям по водоснабжению и (или) водоотведению затрат при использовании питьевой воды на пожаротушение в Западно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Батыс Қазақстан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2026 жылғы
28 қаңтардағы № 23-5
шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары
Тармақ 1
1. Өртті сөндіру барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері пайдаланған ауыз су үшін шығындары сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарына Батыс Қазақстан облысының облыстық бюджетінен өтеледі.
Тармақ 2
2. Өтемақы келесі жағдайларда пайдаланылған ауыз суға байланысты шығындарды қамтиды:
өрт сөндіруге арналған гидранттармен жабдықталған сыртқы су құбыры желілері арқылы;
сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының балансындағы жасанды су көздері (резервуарлар) арқылы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің (бұдан әрі – Техникалық регламент) 52-тармағына сәйкес.
Тармақ 3
3. Шығындар өтемақысы міндетті түрде жүзеге асырылады және:
пайдаланылған ауыз су көлеміне;
өрт сөндіру жүргізілген аумақ бойынша белгіленген сумен жабдықтау тарифіне сәйкес есептеледі.
Тармақ 4
4. Пайдаланылған ауыз су көлемі Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органынан уәкілетті сумен жабдықтау органына ұсынылатын хабарлама негізінде айқындалады. Хабарламада төмендегі мәліметтер көрсетілуі мүмкін:
бір мезгілде орын алған өрттер саны (Техникалық регламенттің 3-қосымшасына сәйкес);
резервуарлардан сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау қолданылғаны туралы ақпарат;
тұрғын және қоғамдық ғимараттар бойынша — Техникалық регламенттің 4-қосымшасына сәйкес (өрт қауіпсіздігі класы, қабат саны, көлем және тағы басқа);
өндірістік және қоймалық бір-екі қабатты ғимараттар бойынша — Техникалық ресгламенттің 5-қосымшасына сәйкес (өртке төзімділік дәрежесі, жарылыс-өрт және өрт қауіптілік бойынша құрылыстар санаты, өрт аумағының ені, көлемі және тағы басқа);
пайдаланылған гидранттар мен (немесе) резервуарлар саны;
есептеулер үшін қажетті өзге де мәліметтер.
Тармақ 5
5. Топтық су құбыры арқылы өртке қарсы су көлемін қалпына келтіруге жұмсалатын су шығыны Техникалық регламентте белгіленген нормаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті сумен жабдықтау органы хабарламалар негізінде өтемақы сомасын есептейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджет өтінімін қалыптастырады.