О признании утратившими силу некоторых решений акима Баянаульского района Қолданыста
Басқа 0
Баянауыл ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы кезекті отырысының №8 хаттамасы негізінде, Баянауыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті аумағында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Баянауыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 01 наурыздағы № 3/03 шешімі;
Тармақша 2
2) «Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Баянауыл ауданы әкімінің 2025 жылғы 23 маусым № 3/06 шешімі.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.