Об определении порядка деятельности Экспертного совета и положения реализации бюджета народного участия области Абай Қолданыста
Басқа 0
Абай облысының Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске асыру ережесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі «Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекіту туралы» № 208 бұйрығының 75-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36034 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Е. Ә. Садыр жүктелсін.
Тармақ 4
4. Әкімдіктің осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережелері
Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___» ________
№ ___ қаулысына
қосымша
Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережелері (бұдан әрі – Ереже) «Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) халық қатысатын бюджет – азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы.
Халық қатысатын бюджет облыстық маңызы бар қалалар, ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын және халық саны 10000 (он мың) адамнан асатын аудандық маңызы бар қалаларда іске асырылады. Бұл ретте аудандары бар республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және аудандары бар облыстық маңызы бар қалаларда халық қатысатын бюджеттер қаладағы аудандар деңгейінде ғана іске асырылады;
Тармақша 2
2) жобалық ұсыныс – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қазақстан Республикасы азаматы дайындаған және берген, іске асырылуы әкімдіктің (әкім аппаратының) құзыретіне жататын және осы Қағидалардың 7-тарауына сәйкес ресімделген құжат.
Үлгілік жобалық ұсыныстарды әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурста орналастырады.
Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурстары болмаған кезде үлгілік жобалық ұсыныстар тиісті аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурсында орналастырылады;
Тармақша 3
3) дауыс беру – әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында электронды түрде немесе жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы дауыс беру жолымен жобалық ұсыныстар арасында жеңімпаздарды анықтау процесі.
Тарау 2. 2. Сараптамалық кеңесті қызметінің тәртібі
2. Сараптамалық кеңесті қызметінің тәртібі
Тармақ 3
3. Облыстық маңызы бар қала әкімдігі, аудандық маңызы бар қала әкімінің аппараты тиісті аумақтар тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарауды, іріктеуді және шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Сараптамалық кеңесті құрады.
Тармақ 4
4. Сараптамалық кеңестің дербес құрамын облыстық, аудандық маңызы бар қаланың әкімдігі құрайды және бекітеді.
Тармақ 5
5. Сараптамалық кеңес төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және кеңес мүшелері құрамынан тұрады. Сараптамалық кеңес тақ саннан тұрады және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тиісті аумақта қызметін жүзеге асыратын қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері. Сараптама кеңесінің төрағасы Кеңес құрамына ұсынылған адамдар арасынан сайланады.
Тармақ 6
6. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй-коммуналдық шарушылық бөлімі, аудандық маңызы бар қалалардың әкімі аппараттары болып табылады.
Тармақ 7
7. Сараптамалық кеңес өз қызметін отырыс түрінде жүзеге асырады. Отырыстағы шешімдер жиналғандар арасынан көпшілік дауыспен қабылданады.
Егер отырысқа Сараптамалық кеңестің жалпы құрамының 50%-нен астамы қатысса, отырыс заңды болып саналады.
Дауыстар тең бөлінген жағдайда Сараптамалық кеңес төрағасының дауысы шешуші мәнге ие болады.
Төтенше жағдайларда отырыстар қашықтан (дистанциялық) форматта өткізіліп, кейіннен кеңес шешімі ресімделеді.
Тармақ 8
8. Сараптамалық кеңестің шешімі отырыс өткізетін күні шығарылады, хаттамамен рәсімделеді және оған төраға, төрағаның орынбасары, кеңес мүшелері және хатшы қол қойғаннан кейін әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 9
9. Сараптамалық кеңестің функциялары:
Тармақша 1
1) жобалық ұсыныстың бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келуі туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) жобалық ұсыныстарды алдын ала қарастыруды өткізу;
Тармақша 3
3) жобалық ұсыныстарды дауыс беруге арналған тізбеге қосу бойынша шешім қабылдау;
Тармақша 4
4) халық қатысатын бюджет шеңберінде қаржыландырылатын жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысын бақылау, соның ішінде құрылымдық бөлімшелер басшыларының, коммуналдық кәсіпорындардың, мекемелер және ұйымдардың лауазымды тұлғаларының жобалық ұсыныстарды іске асыру мәселелері бойынша есептерін тыңдау.
Тарау 3. 3. Жобалық ұсыныстарды беру тәртібі
3. Жобалық ұсыныстарды беру тәртібі
Тармақ 10
10. Әкімдік (әкім аппараты) ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурсында және масс-медиада жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастырады.
Ресми интернет-ресурс болмаған кезде аудандық маңызы бар қала әкімінің аппараты жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты масс-медиа арқылы немесе тұрғындарды ақпараттандырудың қолжетімді құралдарын пайдалану арқылы таратады.
Тармақ 11
11. Тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін іс-шаралар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аумақты көгалдандыру;
Тармақша 2
2) тротуарларды жайластыру;
Тармақша 3
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
Тармақша 4
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
Тармақша 5
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
Тармақша 6
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
Тармақша 7
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
Тармақша 8
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
Тармақша 9
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде халық қатысатын бюджетті іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі облыстық және аудандық маңызы бар қала үшін жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды қоспағанда, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 07 функционалдық тобы бойынша жоспарланатын бюджет шығыстарының жылдық көлемінің 10 %-нан төмен болмауы тиіс.
Тармақ 13
13. Беру кезінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны:
Тармақша 1
1) облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудандар үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар қала үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс.
Тармақ 14
14. облыстық және аудандық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) ортақ пайдалану объектісі;
Тармақша 2
2) тиісті аумақтар тұрғындары үшін өзектілігі.
Бұл ретте, оларды бір қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.
Тарау 4. 4. Өтінімдерді іріктеу тәртібі
4. Өтінімдерді іріктеу тәртібі
Тармақ 15
15. Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша келіп түскен жобалық ұсыныстарды Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 5 сәуіріне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалардың қайталануының болмауына, оларды әкімдіктің (әкім аппаратының) іске асыру құзыреттілігінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Іске асырылуы осы Ереженің 11, 12, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жобалық ұсыныстарды әкімдік (әкім аппараты) дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
Тармақ 17
17. Дауыс беруге жатпайтын жобалық ұсыныстар:
Тармақша 1
1) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (элементтердің бірін орындау болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);
Тармақша 2
2) елді мекеннің даму басымдықтарына сәйкес келмейтін;
Тармақша 3
3) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;
Тармақша 4
4) тиісті елді мекеннің құрамдас бөліктерінде осыған ұқсас іске асырылған жобалары бар жобалық ұсыныстар дауыс беруге жіберілмейді.
Тармақ 18
18. Тиісті елді мекендердің кәмелетке толған тұрғындары ағымдағы қаржы жылының 24 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс беруді жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарының дауыс беруі жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әкімдік (әкім аппараты) дауыс беру нәтижелерін шығарады.
Тармақ 20
20. Дауыс беру нәтижелерінің негізінде Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады.
Тармақ 21
21. Бұл ретте тиісті елді мекендердің 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейтін облыстық орталық болып табылмайтын елді мекендерді қоспағанда тиісті елді мекендердің 20-дан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейді.
Тармақ 22
22. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Тармақ 23
23. Сараптамалық кеңестің шешімдері оларға кеңестің төрағасы, мүшелері мен хатшы қол қойғаннан кейін әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында ол шығарылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Тарау 5. 5. Жобалық ұсыныстарды іске асыру және ақпаратты жариялау
5. Жобалық ұсыныстарды іске асыру және ақпаратты жариялау
Тармақ 24
24. Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде тиісті облыстық маңызы бар қала әкімдігі, аудандық маңызы бар қала әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.
Тармақ 25
25. Жобалық ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бюджеттік есептерді жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды.
Тармақ 26
26. Халық қатысатын бюджеттің жобалық ұсыныстарын қаржыландыру тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы туралы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-нан күнінен кешіктірілмей интернет-ресурста міндетті түрде орналастырылуға жатады.
Қоғамдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тұрғындар жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысады және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 28
28. Әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды іске асыру және оларды қаржыландыруға байланысты құралдарды пайдалану туралы ақпаратты жариялайды.
Тармақ 29
29. Облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері халықпен кездесу барысында оларды халық қатысатын бюджеттер шеңберінде іске асырылатын жобалық ұсыныстар туралы хабардар етеді.