О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Текели Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Текелі қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабына, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 37 баптарына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6 баптарына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Текелі қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Текелі қаласы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығы берілсін:
Тармақша 1
1) Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 2
2) 70 жастан асқан зейнеткерлерге;
Тармақша 3
3) 23 жасқа дейінгі жетім балалар;
Тармақша 4
4) Орта (мектеп), техникалық және кәсіптік білім (колледж) оқушыларына, жазғы демалысты қоспағанда;
Тармақша 5
5) көп балалы аналарға (төрт балалы және одан да көп, 18 жасқа толмаған), сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары бар отбасына, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);
Тармақша 6
6) Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға.
Тармақ 2
2. Текелі қаласы азаматтарының мынадай жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының елу пайызы көлемінде жеңілдетілген жол жүру құқығы берілсін:
Тармақша 1
1) Үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 2
2) Он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.
Тармақ 3
3. Қаржыландыру көзі Текелі қаласының бюджеті болып айқындалсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.