О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабынының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы ___________________ «__»__________2025 г. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы ___________________ «__»__________2025 г. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі ___________________ «__»__________2025 г. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі ___________________ «__»__________2025 г.
Басқа 7. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
2026 жылғы 28 қаңтардағы № 2 бұйрығына қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 506 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10932 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15105 болып тіркелген).