Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Текели Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Текелі қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Текелі қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлем кезінде - 100 (жүз) теңге;
Тармақша 2
2) қолма-қол ақшамен төлем кезінде жол жүру үшін - 200 (екі жүз) теңге.
Тармақ 2
2. Текелі қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 278 «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184296 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.