О признании утратившими силу некоторых решений Урджарского районного маслихата Қолданыста
Басқа 0
Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Үржар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 13-243/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №237-18 болып тіркелген) Үржар аудандық мәслихатының шешімі;
Тармақша 2
2) «Үржар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 25 қарашадағы № 20-384/VIII (Номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 378-18 болып тіркелген) Үржар аудандық мәслихатының шешімі.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.