Об установлении границы (черты) села Грачи Бескарагайского района области Абай Қолданыста
Басқа 0
Абай облысы Бесқарағай ауданы Грачи ауылының
шекараларын (шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабы 3) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылдық округінің Грачи ауылының шекарасы (шегі) 2248,0 гектар жалпы алаңымен, осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Грачи ауылы жерлерінің шекарасының (шегі)
СЫЗБАСЫ
Бірлескен
Бесқарағай ауданының әкімдігінің
2026 жылғы 28 қаңтардағы
№ 26 қаулысына және
Бесқарағай аудандық маслихатының
2026 жылғы 28 қаңтардағы
№ 37/3-VIII шешіміне
қосымша
Грачи ауылы жерлерінің шекарасының (шегі)
СЫЗБАСЫ