Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по газоснабжению, электроснабжению, водоснабжению, водоотведению и теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета в Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
«Павлодар облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 болып тіркелген) сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін Павлодар облысы бойынша газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Б. Батырғұжиновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Павлодар облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен
жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру
жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
Павлодар облысы әкімдігінің
қаулысымен
бекітілді
2026 жылғы «___» _________
№________
Павлодар облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен
жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру
жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
Тармақ 1
1. Павлодар облысында есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
№ рс
Еліді мекен атауы
Жылумен жабдықтаушы ұйымның атауы
Тұрғын үй құрылысының, қабаттардың қабаттылығы
Өлшем бірлігі
Жылу энергиясын тұтыну нормалары
1
Баянауыл ауданы Баянауыл кенті
«Баянауыл – су арнасы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
1 - 2
Гигакалорий/ шаршы метр
0,069