Об установлении публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін салу және пайдалану үшін Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 76,6994 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 3 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.