О расширении перечня и показаний для получателей услуг инватакси Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Инватакси қызметін алушылар үшін тізбе мен көрсеткіштерді кеңейту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту: «Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда); Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары; Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары; Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны; «Қарағанды облысы бойынша Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы; «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің түзету орталықтары.
Тармақ 2
2. Инватакси қызметін көрсетуге көрсеткіштерді мынадай көрсеткіштермен кеңейту:
Тармақша 1
1) жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қамтамасыз ету қағидалары) 49-тармағына сәйкес күрделі және асқынбаған ортопедиялық аяқ киім алуға негіз болып табылатын көрсеткіштер; Қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымшаның 1-тармағының 1.2, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8 - тармақшаларына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға арналған көрсеткіштер.
Тармақша 2
2) психоневрологиялық аурулардың болуы немесе аутистік спектрінің бұзылуы бар көрсеткіштер бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға.
Тармақша 3
3) жүріс арбалар көмегімен жүретін екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға: Қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымшаның 1-тармағының 1.5 - тармақшасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға арналған көрсеткіштер.
Тармақша 4
4) аяқтарында ампутациялық тұқылдары бар екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға.
Тармақ 3
3. Күші жойылды деп тану:
Тармақша 1
1) Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 19/8 «Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 «Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772-09 болып тіркелген).
Тармақша 2
2) Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 «Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6623-09 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.