Об утверждении Правил взаимодействия органа государственных доходов с Комитетом медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан по предоставлению конфиденциальной информации, касательно лекарственных средств и медицинских изделии в сфере таможенного регулирования Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 42) –43) тармақшаларына және 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Мемлекеттік кірістер комитеті) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бірлескен бұйрықтың Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағында көрсетілген Комитет төрағаларының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2026 жылғы «___» _________ № ___ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2026 жылғы «___» _________ № ____бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Кодекстің 8-бабын, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 42) –43) тармақшаларын және 7-2-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті) үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу процесімен байланысты кедендік құжаттардан алынған, құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 3
3. Мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйесінен Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы келіп түскен электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы мемлекеттік кірістер органдарының Мәліметтерді ұсынуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Мәліметтер Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы нақты уақыт режимінде немесе мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесі сұрау салуды өңдеуіне қарай осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша ұсынылады.
Басқа 2. Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу процесімен байланысты кедендік құжаттардан алынған, құпия ақпаратты құрайтын мәліметтер тізбесі
Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу процесімен байланысты кедендік құжаттардан алынған, құпия ақпаратты құрайтын мәліметтер тізбесі 1-бө­лім. ДЗ мен МБ қа­уіп­сіз­ді­гі мен са­па­сын ба­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру үшін қа­жет­ті мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі: 1 Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ны тір­кеу кү­ні 2 Жө­нел­ту­ші/Экс­порт­та­у­шы 3 Алушы (жүк алушы­ның (са­тып алушы­ның) ата­уы, оның ме­кен­жайы (ел, қа­ла, кө­ше, үй, кең­се)) 4 Шы­ға­ры­л­ған елі 5 Ме­же­лі ел 6 31-ба­ған­да "Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы" 6.1 ДЗ до­за­сын, шы­ға­ры­лу тү­рін, буып-тү­ю­ін неме­се орын­да­лу нұс­қа­сын, МБ тип­тік мөл­ше­рін көр­се­те оты­рып та­у­ар­дың ата­уы 6.2 Өн­ді­ру­ші, өн­ді­ру­ші ел 6.3 Се­рия нө­мі­рі (Се­ри­я­лық нө­мір) 6.4 МБ ар­нал­ған ар­ти­кул нө­мі­рі (егер қол­да­ныл­са) 6.5 Пар­тия са­ны (қап­та­ма­лар са­ны) 6.6 Өл­шем бір­лі­гі (қап­та­ма, да­на, құ­ты және т.б.) 7 44-ба­ған­да "Қо­сым­ша ақ­па­рат" 7.1 10051 ко­ды – ДЗ неме­се МБ тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ДЗ мен МБ мем­ле­кет­тік ті­зі­лі­міне неме­се ЕА­ЭО бі­рың­ғай ті­зі­лі­міне сәй­кес ДЗ неме­се МБ тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі) 7.2 04021 ко­ды – Шот-фак­ту­ра (ин­войс нө­мі­рі мен кү­ні) 7.3 06016 ко­ды – Та­у­ар­дың шы­ға­ры­л­ған же­рі ту­ра­лы де­кла­ра­ция (та­у­ар­дың шы­ға­ры­л­ған же­рі ту­ра­лы ұсы­ны­л­ған сер­ти­фи­кат­тың нө­мі­рі мен кү­ні) 2-бө­лім. Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­ган­да­ры ұсы­на­тын ка­ме­рал­дық ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру үшін қа­жет­ті ин­вой­стар­дан/шот-фак­ту­ра­лар­дан алын­ған мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі: 1 Нө­мі­рі және кү­ні 2 То­лық ақ­па­ра­ты бар өнім бе­ру­ші­нің ата­уы (Са­ту­шы – Ком­па­ни­я­ның (жө­нел­ту­ші­нің) ата­уы, оның ме­кен­жайы (ел, қа­ла, кө­ше, үй, кең­се) 3 То­лық ақ­па­ра­ты бар са­тып алушы­ның ата­уы (Са­ту­шы – Ком­па­ни­я­ның (жө­нел­ту­ші­нің) ата­уы, оның ме­кен­жайы (ел, қа­ла, кө­ше, үй, кең­се) 4 Өт­кі­зу жүр­гі­зі­л­ген шар­ттың кү­ні мен нө­мі­рі 5 Ин­ко­терм­ске сәй­кес жет­кі­зу шар­ты 6 Есеп ай­ы­ры­су ва­лю­та­сы 7 Та­у­ар­дың то­лық ата­уын, се­ри­я­сын, өл­шем бір­лі­гін, са­нын (кө­ле­мін), бір өл­шем бір­лі­гі­нің құ­нын, бе­рі­л­ген же­ңіл­дік мөл­ше­рін, бе­рі­л­ген же­ңіл­дік со­ма­сын, осы та­у­ар­дың ата­уы бой­ын­ша жал­пы со­ма­ны көр­се­те­тін кесте 3-бө­лім. Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­ган­да­ры ұсы­на­тын ка­ме­рал­ды ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру үшін қа­жет­ті Им­порт-40 ТД-дан мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі: 1 Нө­мі­рі және кү­ні 2 То­лық ақ­па­ра­ты бар өнім бе­ру­ші­нің ата­уы (Са­ту­шы – Ком­па­ни­я­ның (жө­нел­ту­ші­нің) ата­уы, оның ме­кен­жайы (ел, қа­ла, кө­ше, үй, кең­се) 3 То­лық ақ­па­ра­ты бар са­тып алушы­ның ата­уы (Са­ту­шы – Ком­па­ни­я­ның (жө­нел­ту­ші­нің) ата­уы, оның ме­кен­жайы (ел, қа­ла, кө­ше, үй, кең­се) 4 Ин­ко­терм­ске сәй­кес жет­кі­зу шар­ты 5 Есеп ай­ы­ры­су ва­лю­та­сы 6 Та­у­ар­лар­дың ата­у­ла­ры бой­ын­ша жүк орын­да­ры­ның си­патта­ма­сы 7 Та­у­ар­дың ба­ға­сы 8 Тө­лем­дер бой­ын­ша олар­дың ко­ды, со­ма­сы, ерекше­лі­гі көр­се­ті­л­ген ақ­па­рат 9 31-ба­ған­ға сәй­кес та­у­ар­дың әр­бір тү­ріне та­у­ар­дың ата­уы, до­за­сы, шы­ға­ры­лу тү­рі, ДЗ буып-тү­юі, өн­ді­ру­ші­сі, се­ри­я­лық нө­мі­рі, өл­шем бір­лі­гін­де­гі жал­пы са­ны (жет­кі­зу кө­ле­мі) көр­се­ті­л­ген та­у­ар­дың си­патта­ма­сы 10 44-ба­ған­ға сәй­кес ДЗ тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі) (10051 ко­ды), шар­ттар­дың, қо­сым­ша ке­лі­сім­дер­дің нө­мі­рі мен кү­нін (03012 ко­ды), әке­лу жүр­гі­зі­л­ген ин­вой­стың нө­мі­рі мен кү­нін (04021 ко­ды) көр­се­те оты­рып қо­сым­ша ақ­па­рат. Ескертпе: * PDF бастапқы құжаттар форматында (инвойс/шот-фактура, Импорт-40 ТД), жүктеп ауға сілтемемен, әкелу жүргізілген, ерекшеліктері бар келісімшартты (қосымшаларымен бірге шарттар) қарау мүмкіндігі. Аббревиатуралардың ашып жазу: ДЗ – дәрілік заттар; ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ; МБ – медициналық бұйым ТД – тауарларға арналған декларация.