Об установлении публичного сервитута индивидуальному предпринимателю Машковой Татьяне Николаевне на земельные участки Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Машковаға жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Машковаға «Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңында дүкен салу» жобаланған объектісі үшін мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін: Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойында кәріз тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0354 га; Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойында газбен жабдықтау торабын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0444 га; Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойында электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0649 га; Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойындағы сыртқы су құбырын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0871 га.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.