О некоторых вопросах по установлению публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жария сервитут белгілеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан берілген «Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған» 11 шілде 2025 жылғы №3444-EL лицензия негізінде Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Altyn Land» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Сарыағаш ауданының Жібек жолы, Ақжар, Қабланбек және Дербісек ауылдық округтерінің аумағынан меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 2095,2311 гектар жер учаскесіне 11 шілде 2031 жылға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі (Б.Әуезов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Altyn Land» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут белгіленетін жерлер
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «30» қаңтардағы №20 қаулысына қосымша «Altyn Land» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут белгіленетін жерлер № Жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі Қа­уым­дық сер­ви тут­тың әре­кет ету кө­ле­мі (гек­тар) Со­ның ішін­де: Ауыл ша­ру­а­шық мақ­са­тын­да­ғы жер­лер Оның ішін­де: Егі­стік Оның ішін­де: Көп жыл­дық ек­пе­лер Жай­ы­лым Өнер­к­ә­сіп суармалы егістік 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 Жібек жолы ауылдық округі 1921,0151 1921,0151 54,8521 - - 1866,163 - 2 Қабланбек ауылдық округі 1,1986 1,1986 - - - 1,1986 - 3 Дербісек ауылдық округі 7,0875 7,0875 - - - 7,0875 - 4. Ақжар ауылдық округі 165,9299 165,9299 - - - 165,9299 - Барлығы: 2095,2311 2095,2311 54,8521 - - 2040,379 - Елдi мекендердiң жерi Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер Орман қорының жері Су қорының жерi Босалқы жер 10 11 12 13 14 15 - - - - - - - - - - - - - - - - - -