Об утверждении Правил установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Молодежный ресурсный центр» государственного учреждения «Отдел внутренней политики Мугалжарского района», финансируемых из местного бюджета Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысынның 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Басқа 7
Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 4 ақпандағы
№ 38 қаулысына қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеудің тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекітеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік басқару органы-ережеге сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
Тармақ 4
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
Тарау 2. 2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
Тармақ 5
5. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Мұғалжар ауданының жергілікті бюджетінен ынталандыру үстемелерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Мұғалжар аудандық мәслихатына жібереді.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы кызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 8
8. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.
Тармақ 9
9. Ынталандырушы үстемеақылар төленбейді:
Тармақша 1
1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
Тармақша 2
2) тиісті лауазым санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда.
Тарау 3. 3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
Тармақ 10
10. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 11
11. Осы қаулыда корсетілген коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар «Қазақстан Республикасы органдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазакстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы кіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 каулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне косымша төлемдер болып табылады.
Тармақ 12
12. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстеме ақылар және т.б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 13
13. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 15
15. Мұғалжар ауданының жергілікті бюджеті коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.