Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданыны әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шиелі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «31» желтоқсан №332-қ қаулысына қосымша 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Мекемелердің түрлері Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) 1 Жартылай стационар жағдайында психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар 11330,18 теңге (8 сағат) 2 тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды 10090,49 теңге (8 сағат) 3 Үйде қызмет көрсету жағдайында 3769,62 тенге (бір қызмет алушыға)