Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба Қолданыста
Басқа 0
Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Талғар ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 06 қантардағы № 1 хаттамасы негізінде, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округі, Бесағаш ауылы, Қошқарбаев көшесі, №1А үй мекенжайында орналасқан «Аспан Сити» тұрғын үй кешенінің блочно-модульдік қазандық ғимаратында өрттің шығуына байланысты объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары О.О. Каспакбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.