Об установлении льготы по оплате проезда отдельной категории граждан города Кокшетау на общественном транспорте (кроме такси) в городе Кокшетау Қолданыста
Басқа 0
Көкшетау қаласында
қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының
жекелеген санатының жол
жүру төлеу бойынша жеңілдік
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - тегін жол жүру;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - тегін жол жүру;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – тегін жол жүру;
Тармақша 4
4) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – тегін жол жүру;
Тармақша 5
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - тегін жол жүру;
Тармақша 6
6) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға – тегін жол жүру;
Тармақша 7
7) көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға – тегін жол жүру;
Тармақша 8
8) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ мүгедектігі бар бала күтімін жүзеге асыратын адамдарға (жәрдемақы алушыларға) – тегін жол жүру;
Тармақша 9
9) Көкшетау қаласының құрметті азаматтарына – тегін жол жүру;
Тармақша 10
10) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;
Тармақша 11
11) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – тегін жол жүру;
Тармақша 12
12) мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге – тегін жол жүру;
Тармақша 14
14) социалистік Еңбек Ерлеріне және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға - тегін жол жүру;
Тармақша 16
16) жасына байланысты зейнеткерлерге - тегін жол жүру;
Тармақша 15
15) мүгедектігі бар тұлғалардың қорғаншылары, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалған тұлғалар – тегін жол жүру;
Тармақша 16
16) 2 және 3 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар – тегін жол жүру.
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № A-5/658 қаулысы және Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдығы № С-12/7 шешімі және өзгеріс енгізілген Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № A-12/1571 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Көкшетау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № С-19/2 шемімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 2
2. Көкшетау қаласы азаматтарының жоғарыда аталған санаттарына дербестендірілген жеңілдік карталары ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысынан және Көкшетау қаласы мәслихатының шешімінен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қаржыландыру көзі қалалық бюджет болып анықталсын.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен қаулы мен шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.