Об установлении норматива отчисления части чистого дохода субъектам квазигосударственного сектора Наурзумского района Қолданыста
Басқа 0
Науырзым ауданы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Науырзым ауданы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кіріс сомасының 70 (жетпіс) пайызын дивидендтерді (кірісті) төлеуге белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.