Об установлении публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитутін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 220,1196 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай «GeoProspect KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары үшін 2031 жылдың 04 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.