Об утверждении Правил распределения и (или) порядка использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью «Карагандаликвидшахт» Қолданыста
Басқа 0
«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларын және (немесе) пайдалану тәртібін бекіту туралы
«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) пайдалану тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларын және (немесе) оны пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 802 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген,
таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген
залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары
және (немесе) пайдалану тәртібі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген,
таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген
залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары
және (немесе) пайдалану тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) пайдалану тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – «Қарағандышахтатарату» ЖШС) берілген, таратылған шахталар жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Зардап шеккен жұмыскер ала алмай қалған, осыған дейін алып тұрған не бұдан әрі де алып тұратыны анық жалақы (табыс), сондай-ақ егер зардап шеккен адам көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж болып, оларды тегiн алмайды деп танылса, оның денсаулығына зақым келуінен туындаған шығыс (дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қарап-тексерілу, сауықтыру, бөгде адамның бағып-күтуi, протез салғызу, банктердің, пошталардың көрсетілетін қызметтері және өзгелері) өтеледі.
Тармақ 3
3. Жұмыскер қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 940-бабында көрсетілген адамдардың залалды (зиянды) өтетiп алу құқығы бар.
Тарау 2. 2-тарау. Таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану тәртібі
2-тарау. Таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану тәртібі
Тармақ 4
4. «Қарағандышахтатарату» ЖШС-ға берілген, таратылған шахталар жұмыскерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс.
Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жұмыскер ала алмай қалған, өтелетін жалақы (табыс) мөлшерi зардап шеккен адамның кәсiби еңбекке қабiлетiн, болмаса – жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуының дәрежелерiне сәйкес келсе, мертігуіне немесе денсаулығына өзгедей зақым келгенге дейiнгi не еңбекке жарамдылығынан айырылу орын алғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) пайыздарымен айқындалады.
Тармақ 6
6. Таратылған шахталардың жұмыскерлеріне «Қарағандышахтатарату» ЖШС төлейтін залал (зиян) сомаларын өтеу таратылған шахталардың осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады, ол инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне барабар жыл сайын ұлғайтылып тұрады.
Тарау 3. 3-тарау. Таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу
3-тарау. Таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу
Тармақ 7
7. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді «Қарағандышахтатарату» ЖШС жүргізеді.
Тармақ 8
8. Көмір өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күнге дейін «Қарағандышахтатарату» ЖШС-ны қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. «Қарағандышахтатарату» ЖШС залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың шотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді.
Тармақ 10
10. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріне жіберу залалды (зиянды) өтетіп алуға құқығы бар жұмыскерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
«Қарағандышахтатарату» ЖШС-ға банктер, пошта бөлімшелері көрсететін қызмет шығындары қызметтер көрсету шарттарымен айқындалады.
Тармақ 11
11. Бөлінген қаражат бойынша «Қарағандышахтатарату» ЖШС ай сайын, келесі айдың 20-күніне дейін, көмір өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органға алдыңғы ай үшін есеп береді.
Тармақ 12
12. Таратылған шахталардың залал (зиян) өтемін алатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын жұмыскерлері «Қарағандышахтатарату» ЖШС-ға тоқсанына бір рет (тоқсанның бірінші айының 10-күнінен кешіктірмей) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін, сондай-ақ айына бір рет (айдың 5-күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәлімет беріп тұрады.
Тармақ 13
13. Пайдаланылмаған бюджет қаражатын қайтару Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
______________________________
Басқа 1.1. Таратылған шахталардың тізбесі
«Қарағандышахтатарату»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне берілген,
таратылған шахталардың
жұмыскерлеріне келтірілген
залалды өтеуге берілетін
қаражатты бөлу қағидаларына
және (немесе) пайдалану тәртібіне
қосымша
Таратылған шахталардың тізбесі
Тармақ 1
1. Долинск.
Тармақ 2
2. Дубовск.
Тармақ 3
3. Майқұдық.
Тармақ 4
4. Северная.
Тармақ 5
5. Топар.
Тармақ 6
6. Шерубай-Нұра.
______________________________